Би би емес "физзарядкаға" айналып кетті

vk.com фото

Балалар арасындағы би байқауы биыл Шымқалада дүркіреп өткен болатын. «Таңшолпан» атты би байқауында бағын сынағандар көп болды. Мың бұрала би билеп, бар өнерлерін ортаға салған балғындардың өнерге деген ынтықтығы сүйсінтіп тастаған-тын. Әрине байқау болғаннан кейін жеңімпаз да, жеңіліс тапқандар да болатыны даусыз. Айтпағымыз өнері өрге жүзген өрендер туралы емес, сол биді қоюшы ересектер хақында. Расында балдырғандар нені үйретсе сахнада соны билейді. Биді топ боп шығып топырлап ары-бері жүгіру емес, өнер деп түсінетіндер кемшіндеу сияқты көрінді. Өйткені байқау барысында көрер көзге тым ерсі, ұлттық табиғатымызға кереғар билер биленіп жатты.

Мәселен ерте замандарда гаремдерде, жабық сарайларда биленетін шығыс билері балалар байқауында биленіп жатса жарасымды ма? Тіпті бөкселерін бұлтитып, жартылай жалаңаштанып, бүткіл дене сымбатын көрсететін билер бүгінде тойдың төріне шығып кетті емес пе? Стриптиз билегендей әсер етіп жатса да амал жоқ назарымызды төмен салып отырудан басқа амал кем. Ал алты жасар бүлдіршіндердің кіндіктерін көрсетіп «біртүрлі» билегені жарасымды ма, қалай көрінеді өзі? Ұлттық биден қамшы салдырмағандар, топтық биде сүрініп жатты. Көптеген би топтары шығыс билеріне аңсары ауған екен. Қазылар алқасының төрайымы Балжан Тілеубаева: «Бишілерге тағар айыбымыз жоқ. Алайда би жетекшілерінің би таңдауда қателеспеуін тілер едім. Байқаудың талабы бәріне бірдей. Бірінші кезеңде ұлттық би биленуі керек еді. Кейбір топтар шығыс биін таңдап қателесіп жатты. Сондықтан да оларды сайыстан шет қалдыруға тура келді» дейді. Ия расында бүгінде киелі сахнада қойылып жүрген билердің бәрін бренд деп айта алмайсыз. Ұлттық нақыштан алыстау, би деп айтуға келмейтін дүниелерді көргенде көңілің азатыны бар. Сахнада мың бұралған бишілердің биіне қарап отырып сұлулық пен әсемдікті сезінуге тиіспіз. Би адам баласына эстетикалық ләззәт сыйлауымен құнды. Қандай да би болмасын, ол ой айтуы керек. Оның мазмұны болуы керек. Биші биі арқылы көп нәрселерді түсіндіре алады. Бүгінде мерекелік қойылымдарда, әншілердің жеке концерттеріне арналып қойылған билерге қарап отырып қарның ашады.

Жасырары жоқ, соңғы әлетте қазақ билері тым еуропаланып бара жатқан сықылды. Жаһанданудың жалына жармасқыш, жаңашыл би қоюшылар ұлттық үрдісті елеп ескергісі келмейді. Күрделі қимылдар жоққа тән. Ұлттық нақышты айтпағанның өзінде. Классикалық өнердің отаны саналатын кәрі құрлық Еуропада балетті өнердің асқар шыңы санайтыны рас. Осы еуропалық үлгіге еліктей ме, әлде тым «қазақбайский» болып көрінуден қорқа ма, біздің бишілер де, биді дайындаушылар да ұлттық нақыштан алыстап бара жатыр. Олар ұлттық бидің терең тамырына бойлай алмайды. Сезінуден де мақұрым. Ұлттық биіміздің қазақы рухта өрілгеніне не жетсін! Алайда бұл арманнан да алыстап бара жатқандаймыз. Әлемге әйгілі биші Айседеро «Биші биді тек өз халқының нақышында, ұлттық нақышта беріле орындағанда ғана өзге билерді тереңдеп билей алады. Сонда ғана өзгелердің көңілінен шыға алады» деген екен. Бұл қағидаға құлақ асатындардың қарасы да сирексіп барады. Қазақ биінің негізін қалап, сахнаға лайықтап, теориясын жасаған Шара Жиенқұлованың ізін басып келе жатқандар баршылық. Алайда жалғыз жарым олардың «шаңы шыға бермейді». Би өнерінің терең тамырлы қойнауына бойлап, нәр алған олардың да бүгінгі билерге қарсы айтар уәждері аз емес. Бірақ оны құлаққа ілер жан табылмаса не шара? Тіпті, кейбіреулер «қазақта дәстүрлі би өнері болған емес» деп дау айтып, ашық күнде адасып жүр. Осы пікірге қарсы кезінде шетелден келген биші Шұғыла Сапарғалиқызы нүкте қойғандай болып еді. Шұғыла жеке концертін өткізгенде қазақ би өнерінің осыншалықты бай екендігіне, ұлттық нақыштағы қимыл қозғалыстың соншалықты әсемдігіне тәнті болғанбыз. Оның өнеріне тамсанбаған жан қалмаған-ды. Әншейінде би дегенге «секектеу ғой» деп мұрын шүйіре қарайтындардың аузына құм құйылған-ды.

Өз өнеріне талайды тамсандырған сол Шұғыла бүгінде сахнадан көрінбей кетті. Қазақи мән мағынаға толы би бізде көп. Бірақ соның үдесінен шығып орындай алатындар аз. Бір ғана «Айша бибі» мен «Алтынайдың» өзі неге тұрады? Орындалуы өте қиын осы екі биде де ұлттық рух сұрапыл. Нағыз қазақ екендігіңді сезіндіретіндей де. Ал, енді 90-шы жылдардан бері қарай қойылып жүрген билердің бәрі шедевр деп айта алмайсың. Бәріне күйе жаға салуға болмас. Дегенмен тым батысшылданып кеткен билер көрерменнің қызығушылығын тудырмайтыны тағы анық. Бидің техникасы сақтала бермейді. Бұрыннан орындауда бар қимыл қозғалыстарды қайталау басым. Жеке билерден бөлек кейбір әндерге қойылған билерге қарап отырып кейде көңіл қоңылтақсиды. Би емес, «физзарядка» сияқты. Тіпті, кейде көшеге киетін киіммен де билей береді. Мұндайда сахна мәдениеті жайлы әңгіме қозғаудың өзі артық...

Ұлық өнер - бидің де айтары болмаса, ұлттық нақыштан алыстау құрылса, өз қадірін өзі кетірері сөзсіз. Би қоюшылардың өресі биік болса дейсің, осындайда...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста