Беташарын ұзақ күткен «Келін»

Өткен аптаның соңында Алматыдағы «Мега» ойын-сауық орталығының кинозалында «Келін» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі болды. Картина 2008 жылдың желтоқсан айында дайын болғанымен, киносарапшылардың әрі-сәрі әңгімесінен кейін бе, әлде көрерменге көрсетудің ретін таппағандықтан ба, жұртшылық «Келіннің» «беташарын» ұзақ күтті. Фильм алғаш ақпан айында жабық жағдайда көрсетілген соң, «Келіннің» тұсаукесерін жасауға «Қазақфильм» киностудиясы рұқсат бермей отыр» деген де сыбыстар естілген-ді. Әйтсе де қоюшы-режиссер Ермек Тұрсыновтың картинасы төңірегіндегі әңгіме оң шешімін тапқан болса керек, әйтеуір, көрерменге «Келінмен» қауышуға мүмкіндік туыпты. Бүгінде «Келін» көркем фильмі Алматы кинотеатрларында көрсетілуде.

Түсіріліп біте салысымен төңірегінде дау-дамай өршіп, жұртшылықты дүр сілкіндіргендіктен болса керек, картинаның тұсаукесеріне жұрт өте көп жиналды. Тіпті бір орынға бірнеше билет сатылып, көрермендер мен арнайы шақырылған қонақтар орынға таласып, ұйымдастырушыларды әбден састырды. Фильм экраннан көрсетілмес бұрын «Қазақфильмнің» қазіргі басшысы Ермек Аманшаев Ермек Тұрсыновқа картинасы үшін алғыс айтып, сәттілік тіледі. Ал режиссер фильмдегі актерлер мен түсіру тобын толықтай сахнаға шақырып, әрқайсысын көрерменге жеке-жеке таныстырды.

«Келін» қалай түсірілді?
«Келіннің» тарихы әріде жатыр. Қырғыз режиссері, белгілі актер Ақтан Арым Құбат­тың айтуынша, фильмнің идеясы осыдан он жыл бұрын ойластырылған. «Ме­нің жұмыстарымның ішінен Сергей Бодров осы «Келінді» ұнатып, мені Ермек Тұрсыновпен таныстырған еді. Екеуміз бір­лесіп жұмыс істеп, Ермек фильмнің сце­нарийін жетілдіріп жазып шықты. Сөйтіп, дайын сценарий «Қазақфильмнің» бұрын­ғы басшысы Сергей Әзімовтің қолына тү­сіп, ол аталған фильмді Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің тендеріне өткізді», – деді идея авторы әрі креативті продюсер Ақтан Арым Құбат.

«Келін» тудырған дау
Көрерменге жетіп үлгермей жа­тып «Келін» көп сынға ұшырады. Фильм­ді өт­кір сынға алғандардың бірі «Қазақ­фильм» көркемдік кеңесінің мүшесі, ки­но­­сценарист, жазушы Дулат Исабеков болды. Ол аталған көркем фильмді шын­дыққа жанаспайтын, өтірік, қияли кино деп баға берген еді. «Ермек Тұрсы­нов­тың «Келін» көркем фильмі – өтірік кино болғанымен қоймай, қазақты жерге қарататын, масқаралайтын картина. Әрбір жаңа фильм жарыққа шыққан сайын қазақ ұяттан жерге кіретін болды», – дей­ді жазушы. Кино түсіремін деп басы дауға қалған Ермек Тұрсынов та сындарға қар­сы уәж айтады. «Көркем фильмнен тари­хи дерек іздеудің қажеті жоқ. Өмірдегі ақи­қат пен өнерді шатастырмағанымыз жөн. Менің «Келініме» көркемдік дүние деп қарау керек», – дейді режиссер.

Мазмұн
«Келін» фильмі Көк Тәңірге табынған, өздерін көк бөрінің ұрпағымыз деп са­наған көне түркілер жайлы. Картина біз­дің заманымыздың III-IV ғасырларында ата-бабаларымыз көне түркі тілінде сөй­ле­ген және жануарлардың тілін түсінген уақытты суреттейді. Ислам дәуірі­не дейін­гі кезеңде адамдар өздерін табиғаттың бөлшегі ретінде санайтын. Фильмде тә­ңір­шілдік, шаманизм көрініс табады. Көне түркілер өлген адамның денесін жер­ге көмбей, көк иелері – киелі құс, гриф­терге беретін болған деседі. Көне түр­кілер түсінігінде ерлер – күш иесі, әйел ұрпақ жалғастырушы деп саналған. Фильм­дегі оқиға қарағайлы, қарлы Алтай тауын­да өрбиді. Көне түркі ғұрпымен қыз ұзаты­ла­ды. Бақташы және Мерген атты екі жігіт бір қарияның қызына таласады. Қария кім көп қалың берсе, қызын соған беруді ұйғарады. Бұл бәскелестікте Бақташы же­ңіп, қыз соған бұйырады. Негізгі кейіп­керлер: бақташы, аңшы, ене, қайны және келін. Келін ерінің отбасына енді үйре­не бастаған кезінде түзде Бақташы мен Мер­ген жекпе-жек кездесіп, Бақташы қа­за табады. Осылайша, оқиға шиеленісе түседі. Келінді енесі әмеңгерлік жолымен өзінің кіші ұлына қосады. Ал келін аң­шы­ның ашынасына айналады. Кино бары­сын­да бірнеше эротикалық кадрлар бар. Ақы­рында аңшы да, қайнысы да қаза тауып, келін бақсы енесімен бірге қалып, дүниеге сәби әкеледі. Әкесі қайсы екені бел­гісіз нәрестеге кемпір көк бөріні сауып, сүтін ішкізеді де, өзі ажалымен бетпе-бет кездесуге аттанады. Ал келін сәбиі мен ене­сінің бақсылық асатаяғын құшақтап қа­ла береді. Негізгі оқиға – осы.

Сырт көз
«Келіннің» алғашқы көрсетілімін та­ма­шалауға киноның майын ішкен май­тал­мандар, режиссерлер, актерлер де кел­ді. Фильм аяқталысымен біз олардан кино­туынды туралы пікірлерін алмақ бол­ғанымызда Асанәлі Әшімов сынды ақсақалдарымыз қандай да бір ойларын білдіруден бас тартты. Тек режиссер Саты­бал­ды Нарымбетов өзіне картинаның ұна­ға­нын, жақсы дүние айқай-шумен ке­летінін бірауыз сөзбен жеткізді. Сон­дай-ақ «Келін» белгілі режиссер Болат Атабаевтың да көңілінен шығыпты. «Өз басым, «Келін» көркем фильмін талға­мы жоғары эстетикалық туынды деп санай­мын. Режиссер эстетиканың мәтінге байла­нып қалмағанын дәлелдей алған. Тек ды­быс эмоциясы арқылы адамның ішкі дү­ние­сін бере білген. «Қазақфильмге» өте та­лант­ты, эстетикалық талғамы жоғары ре­жис­сер келіпті, басымды иемін», – деді Болат Атабаев.

Түйін
Иә, мүмкін, кино мамандарының көзімен қарағанда, «Келін» эстетикалық дүние шығар. Бірақ көрерменнің бәрі маман емес қой. Дәл қазіргі кезде халыққа патриоттық рух беретін, қазақылығымызды дәріптейтін фильм қажет. Рушылдықтан арыла алмай, ауызбіршілігіміз болмай отырғанда, көне түркілердің тарихын бұрмалағаннан не ұтамыз? Егер «Келіннен» тарихи дерек іздемесек, онда фильмдегі эротика мен жабайылықты эстетика деп түсіну керекпіз бе? Сөз жоқ, ертең «Келін» шетелден жүлде алады, тіпті «Оскар» сыйлығын алуы да ғажап емес. Өйткені бұл – қазақ көрермені үшін емес, шетелдегі байқау үшін түсірілген көбедей-көп фильмдердің бірі. Ал қазақ көрермені жүрегі қазақ режиссер туғанша өзбектің, түріктің фильмдерін тамашалап жүре бермек. Себебі жоқты бар қылып, өздерін бай, өмірлерін керемет етіп көрсететін өзбек режиссерлері туындылары арқылы өз ұлтына рух береді. Ал қазақ секілді онсыз да тіршіліктің тауқыметінен шаршаған халық өздерін жұбату үшін өз режиссерлеріміздің қазақты бейшара етіп көрсететін фильмдерін емес, әрине, өзбек пен түрік режиссерлерінің телесериалдарына мәз болып, соған да қанағат етпек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста