Қазақстандық эстрададағы жарық жұлдыздардың бірі Жанар Дұғалова белгісіз жігітпен құшақтасып тұрған видеосымен көптің қызу талқысына қалды. Желідегілер көптен бері ел алдына шықпай, көрінбей кеткен өнер иесінің бұл әрекетін аса ерсі санап, оны сынауға кіріскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желіні шулатқан видео Дұғалованың Instagram парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан бейтаныс азаматтың әншіні белінен құшақтап тұрғанын көруге болады. Желі қолданушыларына өнер иесінің бұл қылығы жақпай, ашуға булыққан халық әртіске өз наразылығын білдірген.
"Не болса да, ұят. Қазақ қызына сай емес" , "Осылар құшақтасып сүйіспесе клип түсіре ала ма?" , "Өнеріңізге сөзім жоқ, бірақ осы ашық-шашық дүние бізге жат" , "Одан да біреуді тауып, тұрмысқа шықпадың ба", "Сүйіп ала жаздады ғой" , "Сіз де бұзылып бара жатырсыз, жалаңаштанып, өзге ер адамдарға жабысып" , " Бұл жолы Тәуекел емес" , - деп жазды халық.
Алайда, белгілі болғандай, елдің қызу талқысына түскен видео Жанар Дұғалованың кезекті бейнебаян түсірілімі кезінде жасалған. Біраз уақыттан бері сахнаға шықпай кеткен әнші шығармашылығын қайта қолға алған көрінеді.