Көпке белгілі актер Бақтияр Қожаның жары Баян Құралқызы өмірден өтті.
Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы драма театрдың баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Қожаның жұбайы Баян Құралқызының мезгілсіз дүние салуына байланысты М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы қайғыға ортақтасып, марқұмның туған-туыс, жақындарына қайғырып көңіл айтады”, – делінген хабарламада.
Бақтияр Қожа кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері(1993 жылдан). Құрмет орденінің иегері.
1957 жылы Өзбекстанда дүниеге келген.
Т.Жүргенев атындағы Қазақ өнер институтына түскенге дейін эстрадалық миниатюра театрында ойнаған.
1979-1981 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
1981 жылдан - Алматы қазақ драма театрының актері. М.Әуезов. Театрдағы 30 жыл қызметінде 100-ден астам рөлдерді сомдаған.