Беларусьтегі қазақтар ана тіліне сусап отыр

Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігі «Мемлекеттік тіл – еліміздің болашағы» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға Беларусь елінде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Шараны ұйымдастырушылар қонақтарға қазақ тілінің байлығы мен өзіндік ерекшелігі туралы баяндама жасап, Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік тіл саясаты туралы, осы бағытта ел басшылығы атқарып жатқан жұмыстар туралы ақпар берді.

Қазақ диаспорасының өкілдері өз кезегінде осы мәселеге қатысты проблемаларымен бөлісті. Олардың айтуынша, бүгінде ондағы балалар түгілі, ересектер де ана тілдерін білмейді екен. Әрине, оған тілдік ортаның жоқтығы, қазақ тілін үйрететін курстардың болмауы, тіпті ынтаның төмендігі сияқты объективті факторлар себеп болып отыр.

Диаспора өкілдері қазақ тілін үйренуге деген ниеттерін білдірді. Осыған байланысты елшілік алдағы уақытта көп кешіктірмей ана тілін үйрену жөніндегі арнайы курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Кездесу соңында көркемсөз шеберлерінің конкурсы өтті. Диаспораның жас өкілдері, Минскідегі №143 орта мектептің оқушылары Абайдың, М.Жұмабаевтың, І.Жансүгіровтің, М.Мақатаевтың және басқа да отандық авторлардың шығармаларын жатқа оқыды. Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларына елшілік тарапынан бағалы жүлделер мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста