«Бекзатты» көре алмай жүрміз

«Бекзатты» көре алмай жүрміз

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында елге жеңіс сыйлаған ерлер еске түседі. Бірінің Отан үшін отқа түскенін, енді бірінің дүниені дүр сілкінтіп, бойындағы күш-жігерімен «қазақ» деген елдің кім екенін төрткүл әлемге танытқанын мақтан етеміз. Қазақтың маңдайына біткен осындай біртуар ұлдарының бірі – Бекзат еді. Газетіміздің өткен сандарының бірінде қазақ спортының жарық жұлдызы, марқұм Бекзат Саттарханов туралы деректі фильмнің жарық көргені туралы жазылған болатын. Бұл жолы бүгінгі жас буынға үлгі боларлық Бекзаттай саңлақ жайлы түсірілген туындыға аз-кем тоқталуды жөн көрдік...
Орта Азия құрлығында көлемді жер­ді иеленген қазақ деген аз ғана халық болсақ та, атымызды жаһанға танытқан ұл-қыздарымыз жетерлік. Әсіресе, спорт саласында еліміз егемендік алғалы талай саңлақ әлемдік додаларға қатысып, батыр бабаларымыздың ерлігін қайталады. Қазақтың көк байрағын жеңіс көгінде желбіретіп, Әнұранымызды биікте қа­лықтатып, мәртебемізді үстем еткен ұл-қыздарымыздың жеңісі кейде уақыт өте келе ұмытылып, еленбей қалып жатады. Міне, Бекзаттың өмірден озғанына да 10 жылдай уақыт болды. Алайда 20 жасында жасындай жарқылдап, былғары қолғабының арқасында есімін ел таныған батырымыздың бейнесі бүгінде көмескіленіп бара жатқандай. Әрине көзден кеткенмен, Бекзат туған-туыстарының, дос-жарандарының, әріп­тестерінің, жақындарының жүрегінен мәңгі өшпейді. Алайда ата-анасының ғана емес, барша қазақ халқының ұлы болған Бекзат бүгінгі жас буынның да жүрегінде сақталуы тиіс емес пе? Осы орайда қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов мәжілісте депутат болып жүрген ке­зінде Мәдениет және ақ­парат министрлігіне Бекзат­ туралы деректі фильм тү­сіру қажеттігін айтып, хат жолдаған болатын. Осы хат себеп болып, 2007 жылы министрліктен «Қазақ­фильм» киностудия­сына Бек­­зат туралы деректі фильм тү­сі­­­ріл­сін деген нұсқау түседі. «Қазақ­фильм» басшылығы бұл жауапты істі 30 жылдан бе­рі спорт тақырыбында фильм­дер түсіріп жүрген білікті маман, режиссер Сатыбалды Текеевке жүктейді.
«Бекзат» деректі фильмі 2009 жылдың 5 қаңтарында дайын болып, «Қазақфильм» киностудиясына өткізілді. 26 минуттық деректі фильмге мемлекет тарапынан 3 млн теңге қаражат бөлініпті. Кино түсірушілердің айтуынша, бұл қаржы фильм түсіру машақатына жетіңкіремейді. Ал әркімге жаутаңдап, Бекзат үшін қаржы сұрау – ардың ісі. Дегенмен деректі фильм түсірілді. Алайда «Бекзат» деректі фильмі әлі көрерменге жетпей отыр. Деректі фильм түсірілген төрт-бес айдың ішінде «Бекзат» тек тар аяда екі рет қана көрсетіліпті. Алғаш рет Бекзат туралы деректі фильм Түркістандағы Бекзат Саттарханов атындағы «Намыс» қоғамының жетекшісі Мырзахан Бай­болов деген азаматтың ұйытқы болуы­мен боксшының 4 сәуір туған күніне орай университетте көрсетілді. Содан кейін жақында Астанада «Алғыр ұр­пақ» қоғамының төрағасы Нұрлан Бот­паев деген азаматтың мұрындық болуы­мен және қалалық әкімшіліктің қолдауымен «Конгресс Холда» фильмнің тұсаукесері өтті. Міне, осындай жанашыр азаматтардың арқасында халық Бекзат туралы фильмді естігенімен, алайда әзірге көре алмай отыр.
Деректі фильм алғаш Түркістан қала­сында түсіріле бастаған кезде Сатыбалды Текеевпен Бекзаттың туған жеріне оның спорттағы әріптестері Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов, Марат Мәзімбаев, бапкері Тұрсынғали Еділов бірге еріп барған болатын. Олар Бекзат бауырларының басына барып, құран бағыштап, спортшы атындағы мектепте білім алып жүрген болашақ былғары қолғап шеберлеріне мастер-класс өткізген еді. Осы көріністер де деректі фильмде сипат алыпты. Ендігі кезекте осы спортшы азаматтар да, спортсүйер қауым да, Бекзаттың рухын құрмет тұтатын жалпы халық та «Бекзат» деректі фильмін асыға күтеді...

Сатыбалды Текеев, режиссер:
– Біз Бекзат туралы деректі фильмді 2008 жылдың қыр­күйек ай­ында рес­ми түрде тү­сіруді бастадық. Бұған дейін мате­риал жинап, сце­на­рий жазумен ай­на­лыстық. Де­рек­ті фильм­нің сце­на­рийін Болат Жетекбаев жаз­ды. 20 жасында қыр­шынынан қиылған Бек­зат туралы дерек өте жұтаң екен. Деректі фильмге қажетті материалдардың көпші­лігін Бекзаттың отбасындағы мұрағаттан алдық. Жап-жас әрі алғаш рет үлкен жарысқа қатынасқалы отырған баланың жеңіс тұғырына көтерілетінін, өмірінің қысқа болатынын кім білген?! Бекзаттың бейнетаспалары тіпті жоқтың қасы. Тек өзінің туған жері Түркістанда жастар арасында өткен жарысқа қатысқан кездегі 17 жасар бозбала шағындағы бейнетаспасы сақталыпты. Деректі фильмді түсіруде Бекзаттың анасы Сырлыкүлдің баласы туралы айтқан толғаныстары, оның жастайынан спортқа деген әуестігі туралы әңгімелері сценарийге арқау болды. Қазақ айтады ғой, «адамның айтқаны болмайды, Алланың дегені болады» деп, фильмді түсіру кезінде сценарийге аздап өзгерістер еніп, жаңа идеялар келді. Біз спортшының бала кезін бейнелеу үшін Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебінде оқитын балалардың ішінен өзіне ұқсайтын Абылайхан деген баланы таңдап алдық. Тоғыз жасар Абылайхан Өмірханұлы Бекзаттай аға­сының балалық шағын, спортқа құмар бала Бекзаттың дайындықтарын сомдап берді. Тағы бір айта кетерлігі, қасиетті Түркістан топырағында дүниеге келген Бекзат дінге жақын болған екен. Оның биік белестерді бағындыратыны туралы тіпті түсінде аруақтар аян бергендігін өзі талай айтыпты. Бұл туралы да деректі фильмде қамтуға тырыстық. Одан кейінгі фильмнің желісі Бекзаттың Сиднейдегі жеңісі, елге келгендегі халқының ыстық ықыласына бөленіп, Елбасының марапатына ие бол­ғанын бейнелейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста