Бекжан Тұрыс: Бір ақсақал ұлыңа жетімнен қыз алма деп ескерткен еді

Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бекжан Тұрысты танымайтын қазақ жоқ. Бірі Ақылбай ақсақал ретінде таныса, бірі көгілдір экрандағы рөлдерімен, бірі театрдағы образымен таниды. Бекжан Тұрыс қазіргі жастар мен қарттардың жайын айтты. Жастардың білімсіздігі қарттардың ақылсыздығынан деген пікірін ортаға салды.

Бұл туралы NUR TILEÝ бағдарламасында айтылды.

 
Бекжан Тұрыс өзін Ақылбай деп атайтындардың әлі барын жасырмайды. Бұл образы "Ұят болмасын" бағдарламасы арқылы ел есінде қалды. Бекжан Тұрыс қазіргі қоғамда қандай жайттарға қынжылады?

Ақсақалға зәрумін ақсақалға, 

Ақсақалы ұқсайтын ақшақарға.

Бұлбұл ұшты бұл күні көзімнен, 

Ақ сапарға аттанған жақсы адамдар.

Сақалды күн мұрты жоқ қарттарымның

Алдарында келмейді ақтарылғым.

Солар үшін кейде мен бата беріп,

Солар үшін кейде мен атқа міндім", - деп актер сөзін Исраил Сапарбайдың өлеңімен бастады. 

"Қазақ бір ауылды тану үшін ақсақалын көрсет деп сұрайтын. Қазір қарттарымыздың ақсақалдығы бар ма? Тентегіне тек дей алмайтын, итіне кет деп айта алмайтын ақсақал болмайтын бізде. Қазір тек дейтін үлкендер бар ма? Бүгінде биліктің білегін сүйген, атағы бар сақалы жоқ ақсақалсымақтар көп. Жастардың тәрбиесіздігі жөнге салмағаннан емес пе? Исраилдың осы өлеңін өзіме меншіктеп алғанмын. Ақсақал болудың өзі бір мәдениет қой. Оған лайық болудың өзі бір жүк", - деді актер. 

Бекжан Тұрыстың ұлы Мағжан ер жетіп, әкесімен ақылдасатын жасқа жетті. Актердің айтуынша, әке мен бала арасында да келіспеушілік болатын көреді. 

"Ата, бала, немере үшеуі қазанның үш аяғы секілді. Қазір бұл үшеуі үш буын. Ұғым бар да, заты жоқ. Байланыс жоқ. Мен кейде көшеде жалаңаш тұрған қыздарды, темекі шегетін қыздарды көріп қынжылам. Мағжанға айтсам, "сіздер неге сын айтпайсыздар, сын айтатын жаста емессіздер ме дейді". Таяқтың екі ұшы бар. Сөзінің жаны бар", - деді Бекжан Тұрыс. 

Қазір қоғам рухани азғындап кеткен. Ұлтты, елді біріктіретін ұлттық сананы қалай қалыптастыруға болады? Бұл Бекжан Тұрыстың көкейіндегі мәселе. 

"Бірде бір ақсақалмен дастархандас болдым. Ол кісі мені төрге шығарып, ұлымды сұрады. Мағжанды таниды екен. Иманды, ибалы келін жолықсын деп бата берді. Тек жетімнен қыз алма деп ескертті. Мен түрлі тағдыр болады емес пе деп таңғалдым. Сөйтсем, жетім деген әке-шешесіз өскен адам емес, тәрбиесіз өскен адам деді. Тәрбие көрмеген адам жетесіз деген еді. Әлі де сондай ақсақалдар барына қуандым", - деді актер. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста