Бектөбе қалашығы еріктілердің күшімен қазылуда

Бектөбе қалашығы еріктілердің күшімен қазылуда

Жамбыл облысының аумағынан табылған ортағасырлық Бектөбе қалашығының орнындағы қазба жұмыстары мамыр айында басталған. Бүгінгі күнге дейін үш жерде үлкен маңызы бар қазбалар жасалды. Соның нәтижесінде қорымның бірінен ұзындығы екі метрлік қабырға қоршау, тағы бірінен қыштан жасалған су құбыры табылды.

Ә.Марғұлан атындағы археология институтының кіші ғылыми қызметкері Ілияс Сейітжанның айтуынша, қаланың сақталуы өте жақсы деп айтуға болады. Табылып жатқан жәдігерлер арасында керамикалық, қыш бұйымдар мен әртүрлі дәуірге жататын монеталардан бастап, Түргеш, Қарахан дәуірінің теңгелері де бар. Тағы бір жәдігерден ежелгі адамдардың қолымен тұрғызылған үй орнын аңғаруға болады. Бірақ мұны дәлме-дәл анықтау қиынға соғуда. Себебі Кеңес дәуірі кезінде қалашық аумағында құс фабрикасының қоралары орналасыпты. Сол тұста жүргізілген құрылыс жұмыстары кезінде пайдаланылған ауыр техника біраз жерді қазып, ескі мұраны қиратып тастаған. Қалай болғанда да, Бектөбе қалашығы археологтар анықтауы тиіс талай сырға толы. Олардың ең маңыздысы – «қала тұрғындары қайда кеткен?» деген сұрақ. Себебі қазба жұмыстары барысында бұл жерден әлі бірде-бір адам қалдықтары немесе ашаршылық, соғыс белгілері байқалмаған.

Қазба жұмыстарына жастар да атсалысуда. Жасыл ел жасақтары, ауыл мектебі оқушылары археологтардың бас болуымен қыштан жасалған бұйымдарды тазартып, түрлі экспонаттар жинауды қолға алған. Археологиялық экспедиция мүшелерін қыруар шаруа күтіп тұр. Біріншіден, топырақ басып, қирап жатқан қалашық аудандарын ретке келтіру қажет. Әрі қарай, жоспарда ашық аспан астындағы мұражай ашу мақсаты тұр. Алайда оған көп қаржы керек. Әзірге мұндағы барлық жұмыс тарихқа жанашыр азаматтардың қаражатымен жүзеге асып жатыр. Болашақта Тараз қалалық әкімшілігі мен облыстық мәдениет басқармасы көмек беруге уәде етіп отыр. «Сонда ғана мұндағы тірлік тиянақталып, жұмыс қарқын алады», – дейді мамандар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста