Бекболат Тілеухан ән ұрлады деген күдікке ілінді

Ғарифолла Құрманғалиевтің немересі, өнер ғылымының кандидаты Меруерт Санатқызы Бекболат Тілеуханды сотқа берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Oinet.kz-ке сілтеме жасап.

Бекболаттың өзім шығардым деп орындап жүрген "Елім менің" әні жайлы Құрманғалиевтің немересі, өнер ғылымының кандидаты Меруерт САНАТҚЫЗЫ былай дейді:

 

"Бекболатпен консерваторияда бірге оқыдық. Біздің үйге емін-еркін кіріп, атамның архивін ақтарып жүретін. Бірақ біз оның арам ойы бар екенін білмедік. Ол сол кезде әннің нотасын ұрлап алып кеткен екен. Кейін жұбайым екеуміз атамның мерейтойына орай оның архивін қарап отырғанда, осы әнге кезіктік. Жұбайым дереу: "Ой, мынау таныс ән ғой" - деді. Қарасақ, бүгінде Бекболат орындап жүрген "Елім менің" деген ән. Тура айна-қатесіз. Бұл әнді Ғарифолла атам ертеде шығарып, орындап, бірақ халыққа таратуға мүмкіншілігі болмаса керек. Осыдан кейін Бекболатқа бардық. Ол бізді тыңдамақ түгілі, тіпті маңайына жолатар емес. Әрі-беріден соң, мен сені танымаймын деп салды маған. Тіпті болмағасын: "Сенің қолыңда не ақша, не билік жоқ, не істей аласың маған?!" - деп турасына көшті. Бір кезде өз-өзінен дұға оқып, сендерді қарғысқа ұшыратам деп, маған: "Көзіме қара, көзіме қара!" - деп айғайлай бастады. Осы сөзді жұбайыма да айтып еді, ол: "Мен сенің көзіңе қарайтын әйел емеспін, басымды ауыртпа" - деді. 

 

Осыдан соң біз оны сотқа беріп едік, сот арызымызды қабылдамады, себебі ол сол кезде парламент депутаты еді. 

 

Тіпті болмағасын мен қайта Бекболатқа барып:

 

"Сен өзің бізді сотқа берші өтірік жала жапты деп, сот сосын ақ-қарасын айырсын" - деп едім, ол ат-тонын ала қашты. Енді тағы да сотқа бердік, бірақ ол шет елде жүр", - дейді Меруерт Санатқызы.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста