Бейсен Құранбектің жарына «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы табыс етілді

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин тележурналистика саласында өшпес із қалдырған, қазақтың біртуар ұлы Бейсен Құранбекке тағайындалған «Парламент сөзі» арнайы сыйлығын оның жары Гүлмира Қадырқызына табыс етті. Өз кезегінде Бейсен Құранбектің зайыбы Гүлмира Қадырқызы тебірене сөз сөйлеп, ел азаматтарының жылы сөзі өзі мен отбасына қаншалықты демеу болғанын айтты.

&ndashАрмысыздар, ағайын! Бейсен бір сұхбатында журналист қандай болуы керек және оның ең жоғары наградасы қандай деген сұраққа былай деп жауап беріпті. Жақсы жазу, әдемі сөйлеуді үйреніп алуға болады, уақыт өте келе тәжірибе мен шеберлік те шыңдалады. Ең бастысы журналист бей-жай, енжар, бейқам болмауы керек. Ол халықтың жанашыры болуы тиіс. Және журналист үшін ең биік марапат ол халықтың ықыласы. Егер сен жасаған сюжет, дайындаған хабар бір адамға болса да пайдасы тисе, түйінді мәселесін шешуге көмектессе, онда міндетің орындалғаны, еңбегіңнің ақталғаны деген екен.

Бейсекең сырқаттанып жатқанда оның адал достары, әріптестері, өмір жолындағы ұстаздары, өзі баулыған шәкірттері жан-жағынан қаумалап көмектесіп жүрді. Ол кісі өмірден өткен соң да сол демеуді, қолдауды әлі сезіп келеміз. Елбасымыз бен Президентіміз бастаған еліміздің игі жақсылары көңілдерін білдіріп жатыр, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жігер» сыйлығын тағайындады, Алматы облысының әкімдігі «Жетісу» телеарнасының төрінен музей ашу идеясына қолдау көрсетті. Бүгінгі өздеріңіз табыстап отырған «Парламент сөзі» марапаттарыңыз да ұлтының сүйікті ұлына көрсеткен ыстық ықыласы деп білеміз және сол пейілдеріңіз үшін отбасымыздың, әулетіміздің атынан және «Жетісу» телеарнасы мен «Qareket» ұжымының атынан алғысымызды білдіремін &ndash деді Гүлмира Зербай.

sarasoz.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста