Бейбіт Сарыбай: Әмірханның бейнесі

Аға, бір есептен сіздікі де дұрыс. Бірін-бірі сырттай есіркеп, іштей мүсіркеп, бірін-бірі қажап, бірінің жанын бірі ауыртып, бір-бірімен боқ жинау бәйгесіне түскендердің мекеніне айналған жер бетіне сіздің сыюыңыз қиын. Біз елестеткендей болса ол жақ күшті ғой.
Бағана қаралы хабарды алғаш естігенде дір ете қалғаныммен көзімнен жас шықпап еді. Сенбеген екем ғой. Марха жеңгеммен көріскенде де бауырым езіліп, жүрегім жылағанымен жанарым құрғақ еді. Сәт санап, сағат санап сеніп келемін. Енді ғана босадым, аға.
Сіз мына қаптаған баһадүрлердің бәрінің көкесі едіңіз ғой, аға. Сіз "сен генийсің" деп талай жас ақынды көкке көтердіңіз ғой. Қазір жас қаламгерлердің әрқайсысында қос қанат болса, сол қос қанатының біреуі үшін сізге қарыздар... Сіз қолтықтан демейтінсіз. Бірақ ешкімнің ішіне жел бітірмейтінсіз. Сіз асқақтата білетінсіз, бірақ астамшылыққа жол аштырмайтынсыз.
Сіз,.. сіз,.. сіз,.. Ой, Құдай-ай, аға. Сіз деген сіз едіңіз ғой. Сіздің орныңыз бөлек еді ғой. Жайшылықта өзімізді әлдеқандай сезініп асқақтап жүргенде сіз арқылы өзіміздің ешкім емес екенімізді сезінуші едік қой, аға...
Телегей теңіз қалпыңызбен үнсіз отырып-ақ тәрбиелей алушы едіңіз ғой. Сіз жоқ әлемде астамсып кетпесек жарар еді. Өйткені максималист кеудемізді сабырға шақыратын сіз едіңіз ғой. Енді жас ақындар мүжіліп кетпесе жарар еді. Өйткені "сенде бір нәрсе бар-ей..." деп қанаттандырып, "осылай жүре берсең сенен түк шықпайды" деп қайрап отыратын кімі бар, олардың.
Жастарға қамқор, жастарға жақын, жаспен жас болып жүретін, жастардың жанынан шықпайтын екі адам бар еді. Бірі - Сіз, Бірі - Бақыт Беделхан еді. Алла енді Бақашыңызды аман қылғай. Баһадүрлеріңізге ие болсын.
Әр жас қаламгердің жылт еткен дүниесін оқып, танып, бағалап жүруші едіңіз ғой, жақсы аға. Және әр жас ақын сіздің құрдасыңыздай еді ғой. Олар сіздің жаныңызда өздерін әрдайым еркін ұстайтын. Өйткені сіз оларды өз деңгейіңізге көтеріп алатынсыз. Көтеріле алмағандар болса, өзіңіз солар үшін уақытша сәл төмендей алатынсыз. Сіздің бейнеңіз сол.
Әппақ, алтын, ақпейіл қалпыңызбен аңқылдап, қарапайым болып отыратынсыз. Қарапайым жерлерде, қарапайым інілермен. Ол кезде замандастарыңыз дөй кісілермен дүрегей жерлерде бірігегей келісімдер жасап жататын... Осы бейнеңіз қалады біздің есімізде. Әмірханның бейнесі дегенде,.. әркім әртүрлі елестетуі мүмкін. Сізбен жүзбе-жүз кездесіп, дидарласпаған адамдар басқалай елестетуі мүмкін. Ал, біз...
Сіздің бірнеше суретіңіз бар екен. Әртүрлі характерде түсіпсіз. Бәрі де өзіңіздің табиғи қалпыңыз. Еш жасандылығы жоқ. Әртүрлі көңіл күйде түсіпсіз. Бірақ, мен үшін мына фотоңыздың жөні бөлек. Менің жаныма жақыны осы. Мен үшін сіздің бейнеңіз осылай қалады. Әмірхан қайратты, мінезді, білімді, тәкаппар шығар. Бірақ ол ең алдымен жаны нәзік жып-жылы азамат еді.
Аға, бір есептен сіздікі де дұрыс. Бірін-бірі сырттай есіркеп, іштей мүсіркеп, бірін-бірі қажап, бірінің жанын бірі ауыртып, бір-бірімен боқ жинау бәйгесіне түскендердің мекеніне айналған жер бетіне сіздің сыюыңыз қиын. Біз елестеткендей болса ол жақ күшті ғой.
Пейіште нұр шалқытыңызшы нұрлы аға. Сізді қимаймыз. Біз күн өткен сайын сезінетін боламыз бұл қайғыны. Сәт-сайын жоқтаймыз. Жаным аға, жан аға, жәннаттық болыңызшы. Сіздей таза адамның орны сол жақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста