Бейбіт Құсанбек атындағы байқау мәресіне жетті

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, «Қазақстан» ұлттық арнасы және «Хабар» агенттігі бірлесе отырып ұйымдастырған Бейбіт Құсанбек атындағы жас журналистердің республикалық байқауы мәресіне жетіп, жеңімпаздары анықталды.
2008 жылдан бері журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында өткізіліп келген байқау­дың мақсаты – журналист Бейбіт Құсанбектің шығармашылығын өнеге ете отырып, жас теле­журналистердің шеберлігін шыңдау, ұлттық тележурналистиканың дамуына ықпал ету, жас таланттардың жаңашылдығына жол ашу. Ұсынылған жұмыстарды жинақтау, сара­лау, байқаудың қорытындысы бойынша жеңім­паздарды марапаттау шарасын Қазақс­тан Журналистер одағы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті және Бейбіт Құсанбек атындағы қоғамдық қоры бірлесіп атқарды.
Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналис­тер­дің V республикалық байқауының қоры­тындысы бойынша «Ұзақ жасаудың сыры не­де немесе қан тазалығы» атты тақырыпта­ғы жұмысымен I орынды «Жетісу» телеарна­сы­ның бас продюсері Неля Берікқызы ұтып алса, II орын «Қазақстан-Атырау» телеарна­сы­ның редакторы Елнұр Елмұратқа бұйырды. «Кереку – қай мемлекеттің қаласы?» атты жұмысымен Ғабит Бөкенбайұлы III орынды қанағат тұтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста