Бейбіт күннің батырлары

Ресейде 10 ақпан – дипломаттар күні. Бұл мерекені бұрынғы жылдары Мәскеу жанындағы Нахабино қалашығындағы гольф-клубта Қазақстан Президенті сыйлаған киіз үйде «Астана» қорының ұйымдастыруымен қарттарымызды шақырып атап өтетінбіз.

Жыл сайын шамамыз келгенше төл мереке күндері Мәскеуде тұратын Кеңес өкіметі кезінде дипломатиялық қызметтерде болған, қазір демалыстағы аға-апаларымызды құттықтап қоямыз. Мүмкіндігіміздің аздығына қынжыламыз. Бүгін сол кісілердің көрінбейтін майданнан басқа жұмыстары жайлы да әңгіме қозғағымыз келіп отыр. Олардың бәрі дерлік — «Астана» қорының қасындағы «Ақсақалдар кеңесінің» мүшелері. Дастембек Райымбеков Венгрия, Румыния Республикаларында, Шайкен Нәдіров Моңғолияда дипломаттық қызметте болса, Cәбит Жаданов (қазір Алматыда) пен Асқар Тұралин Мәскеудегі Қазақстан өкілдігінде жұмыс істеген.

Алды сексеннен асса да, қоғамдық жұмыстарға қатысып, керек кезде белсенділік көрсетіп, біздерге өмір тәжірибелерін үйретіп, ақылдарын айтып отырады. Әрине, бұл мақалада майданда қызметте болғандарды түгендеп айта алмайтынымыз өкінішті, әлі де білгенімізден білмегеніміз көп. Егер де әрқайсысына тоқталар болсақ, жеке-жеке әңгімеге арқау болары анық. Жиырма жыл бұрын бір отырыста «Айттым сәлем, Қаламқасты» әсем дауыспен айтып отырған қайратты қара шашын артқа қайырған, сұлу денелі Дастембек ағамен танысқаным әлі есімде.

Дипломаттық жұмыстарынан былай, Мәскеудегі қазақтардың тілін, дәстүрін сақтау жолында көп еңбектенген ол «В мире венгров, казахов, москвичей...» деген кітабында: «Халықты халық етіп танытатын негізгі белгі – оның сөйлейтін, жазатын тілі, мәдениеті. Бұл – халықтың тарихы, сақталып қалар рухани күші... » деп жазады. Қайран аға, Ұлы Отан соғысында ұшқыш болып, бейбіт өмір тұрмысындағы небір қиындықты бастан өткізіп, сексеннен асып үйден шыға алмай отыр.

Көп сөйлемейтін, мейірімді жылы жүзді Шайкен ағаның сырт болмысы бұл кісіде көп сырдың тұнып тұрғанын айтқандай. Денсаулығына байланысты көп отырыстарға қатыспаса да, әлі күнге жұмыстан қалмай, Шығыстану институтында сабақ береді. 150-ден аса ғылыми еңбектің, Моңғолиядағы дипломатиялық жұмыстардың авторы.

Жаданов Сәбит 1968-1987 жылдар аралығында Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде қызмет істеген. Қазір Алматыда тұрады. Туралин Асқар осы елшілікте қызметте болған. Қазір демалыста. Бұл ағаларымыз кезінде елде, сыртта партия жұмыстарын атқарумен қатар, халқымыздың тілін, мәдениетін шетте көтеруде көп еңбек сіңірді. Сәбит аға «Зигзаги судьбы» кітабында:
«Жена у меня русская, прожили долгие годы в любви и согласии.

Лишь сожалею о том, что можно сказать, потерял своих детей, которым не смог привить родного языка, дух своего народа, его обычаи и традиций... Виноват сам, не заметно для себя воспитавший потребителей и эгоистов. Национальность, традиции и рынок здесь ни при чем! За это прошу у народа прощения», – деп, өз өмірі, жұмысымен қатар, шеттегі қазақ интеллегенттері өміріндегі қазақ тілінің ащы шындығын жазады.

Бүгінгі күні халқы алдындағы борышын ерлікпен орындаған, дипломатия тарихында есімі алтын әріппен жазылған қазақ туралы да айтайық. Бұрынғы КСРО Сыртқы істер министрлігіндегі (қазір Ресей) мәрмәр тастағы «Вечная память советским дипломатам, сотрудникам Министерства иностранных дел СССР, погибшим при исполнении служебных обязанностей» деп, 1918 жылдан бері есімдері жазылған қатарда 23-інші болып «Сүндетбаев С.С.1967 г…» деп қазақ азаматының аты жазулы тұр.

Тірі болғанда, сексенге келетін Самат Сіләмбекұлы Сүндетбаев ағамыз Семей облысы, Шыңғыстау ауданы, Қаражартас ауылында 1929 жылы 24 желтоқсанда дүниеге келген. Әкесі Ұлы Отан соғысында қаза тауып, 13 жасында жетім қалған ол 1947 жылы Семейдегі Затон мектебін, 1950 жылы сауда техникумын бітіріп, 1954 жылы Ленинградтағы Сауда-экономика институтына оқуға түседі. Оқуын бітірген соң, 1954-58 жылы Гурьевте, Ақтөбеде Облыстық сауда басқармасының бастығы, 1960-63 жылдары Қазақ КСРО Сауда министрлігінің бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі, 1963-64 жылдары ҚКП Орталық комитетінің жеңіл тамақ өнеркәсібі және сауда бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып істейді.

1964-67 жылы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеудегі Жоғарғы дипломатия мектебін жақсы бітірген соң, Мысырға практикалық жұмысқа жіберіліп, артынша Йемен Халық Республикасындағы Кеңес елшісінің 2-хатшысы қызметіне бекітіледі. Осы қызметте жүргенде ағылшын-америка империалистерінің жалдамалы қарақшыларының қолынан 1967 жылы желтоқсанның 11-інде азаматтық борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза табады. КСРО Сыртқы істер министрлігінің алты қызметкерінің қатысуымен Қазақстан үкіметінің басшылығы С.Сүндетбаевтың денесін Алматыдағы Райымбек батыр жатқан ескі қорымға құрметпен жерлеп, бейіт басына мүсінін орнатты. КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасы кеңес дипломаты С.Сүндетбаевты «Құрмет белгісі» орденімен марапаттады.

Туған жері Қарауылда бір көшеге есімі беріліп, Семей қаласындағы сауда техникумының қабырғасына ескерткіш тақта қойылып, мұражай ашылған. Жаны жаннатта болғыр Самат ағамыздан 29 жасында екі баламен жесір қалған Исқалиева Мария апамыз — КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасында 25 жыл қызмет атқарған жалғыз қазақ қызы. Жарына лайық болып, отын өшірмей екі баласын жеткізіп, ұлынан екі немере сүйіп отыр.

Апамыздың «ұлымның денсаулығына байланысты жиырма жыл Мәскеуден шықпадым» деген сөзінде қанша сағыныш, арман, сырлар жатыр десеңізші?! Ақыры еңбегі жанып, Ресей Сыртқы істер министрлігінде жалғыз қазақ қызы дипломат болып Данелиясы еңбек етуде. Мария апай — талай кітаптардың аудармашысы, авторы. Жалпы, сыртта жүргенде әр азамат «өз елінің елшісі», олай болса, «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деген мақалдың тек бейбіт өмірде қолданылуына әрқайсымыз атсалысайық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста