Бауыржан Момышұлы: Ерiн сыйламаған елдiң аты шықпайды

Бiр тiл бiлген – бiр елдiң баласы, екi тiл бiлген – екi елдiң баласы
****
Қазыналы қарт болу жалғыз ақыл-ойға байланысты емес… Ол ең алдымен өзiне де, өзгеге де әдiл, адал болу ниетiне байланысты. Менiңше, қазыналы қарт болу – үлкен-кiшiге көсемдiк ету.
****
Бiзде, жасыратыны жоқ, қазымыр қарттар толып жатыр, ал қазыналы қарт өте сирек, мыңның iшiнен бiреуi табыла ма, табылмай ма, айту қиын. Бұл – жастарымызға өте зиянды кемшiлiк. Неге десең, қазымыр қарттардың кесiрiнен туатын бар ауыртпалық жастардың мойнына түседi.
****
Жылпостарға сенiп қателеспе, олар адал емес. Сөйлесе қалса, абайлап сөйлес…
****
…адал еместер – қу өңештiң ғана құлы. Оларды халық қамын ойлайды дегенге мен сенбеймiн.
****
Тiлшi болу мен жазушы болудың айырмасы жер мен көктей. Бұл шындық емес пе?
****
Мен өзiм де тiлшiмiн. Бiрақ мен – өз орнымды өзiм бiлетiн тiлшiмiн.
****
Отырсам да ойланып отырамын, жатсам да ойланып жатамын. Жолыққан кiсiлерiммен, әрине, әлiм жеткенше ойланып сөйлесемiн.
****
Сұхбаттың екi жағдайы бар. Ол екi адамның да сырын, талантын бiлдiредi. Сұхбаттан берген кiсiнiң де, алған кiсiнiң де кiм екенi көрiнiп тұрады. Оған кейiнгi ұрпақ әдiлеттiлiгiн айтады.
****
Сұхбат та – шығармашылық. Газет сұхбаты бөлек, суреткерлiк сұхбат бөлек. Екеуiнiң арасы жер мен көктей…
****
Мен – жазушымын. Жазушының сұхбаты бөлек, жұмысшының, не колхозшының сұхбаты бөлек. Бiздiң қарым-қатынасымыздың күрделiлiгi нақ осында.
****

Заманның аты – заман, дәуiрдiң аты – дәуiр. Өткен дәуiрге, өткен заманға, жас ұрпаққа түсiну өте қиын. Бұлай дегенiм оларды кiнәлау емес, өз тәжiрибемнiң қорытындысы.
****
Мен – төрiмнен көрiм жақын шалмын. Оны түсiнемiн. Менiң бiлгендерiмнiң, менiң тәжiрибелерiмнiң кейбiреуi мүмкiн ұрпаққа керек болар деген оймен кiтаптар жаздым. Оларды орысша да, қазақша да жаздым.
****
Бiр тiл бiлген – бiр елдiң баласы, екi тiл бiлген – екi елдiң баласы.
****
Атақты адамдар үнемi нысанада тұрады. Былайғы адамдарға сол қажет пе, қажет емес пе, нысанаға оқ атауға дайын тұрады. Өйткенi, атақпен бiрге азап жүредi.
****
Ел ерiн сыйлаған. Ерiн сыйламаған елдiң аты шықпайды.
****
Елiмiздегi барлық оқу орындарында қазақ тiлi, қазақ әдебиетi, қазақ тарихы мiндеттi пән ретiнде оқытылсын!
****
Адамды асыра мақтама, кейiн бiр кемшiлiгiн көрсең сөгуге сөз таппай қаларсың. Содан кейiн бiреудi жатып жамандама, кейiн бiр жақсылығын көрсең мақтауға сөз таппассың.
****
Қара бет болып қашқанша, қайрат көрсетiп өлген артық!
****
Сен жаудан қашсаң, өмiр сенен қашады.
****
Жауынгерлiк тәрбие әскери киiмде емес, жөргекте жатыр.
****
Мен екi қолбасшыны құрметтеймiн. Механикалық соғыста – Шыңғыс ханды, техникалық соғыста – Сталиндi.
****
Қазақты құртатын – күншiлизм! Күншiлизм құрымай, қазақ көгермейдi.
****
Мен «қырық жыл қырғында» аман қалғандардың бiреуiмiн.
****
Мен жауынгер жолдастарыма қарыздармын, парыздармын.
****
Найзадан қол босаса қалам алдым…
****
Әдебиеттiң ешқандай мағлұматы болмаса да, мен қолыма қалам алдым. Қаламым менiң осы уақытқа дейiн жөндi тiлiмдi алып жүрген жоқ. Ол – ақиқат.
****
Жазғандарым көп, басылғандарды аз.
****
Мен жазушы болудан аулақпын, өтiрiк айтсам, имансыз кетейiн…
****
Менiң жазғандарымның бәрi алтын да емес, күмiс те емес – жазғандарымды ақтап, түсiнiп оқыңдар, қарақтарым.
****
Қатемдi түзеуге асықпаңдар. Мен өмiр сүрген заман мен сендер өмiр сүрген дәуiрдiң айырмасы – жер мен көктей. Заман қайталанбайды.
****
Бiз қазақтар, Отанның басына қиын жағдай түскен кезде, Мәскеудiң түбiндегi шайқаста «Бiз қазақпыз!» дегендi жанымызбен де, қанымызбен де, арымызбен де айта бiлдiк. «Бiз қазақпыз!» деген бiз ұялмастан, қызармастан бүкiл дүние жүзiне айта алдық. Бұған куә – тарих, халық. Бұған куә – түнде ұйқы, күндiз күлкi көрмеген еңбегiмiз. Бұған куә – өлген, жарақаттанған, аяғымен келiп, мүгедек болып таяғымен қайтқан фашистер. Бұған куә – достарымыз бен дұшпандарымыз!
****
Дарвиннiң «Бiз маймылдан жаралдық!» деген теориясының күл-талқанын шығаратын ұрпақ келедi әлi жер үстiне.
****
Дарвин маймылдан туса маймылдан туған шығар, ал мен өзiм Көк Бөрiден туғам!
****
Жеңiске тек рухтың күштiлiгiмен ғана жетуге болады.
****
Қазақ балаларын шынықтырыңдар, шымыр етiп тәрбиелеңдер! Олардың рухы да шымыр, денсаулығы да шымыр болсын!
****
Сақтық пен қорқақтық – ағайынды!
****
Мен жылауық шал емеспiн. Көздерiмдi ойып алсаңдар, өздерiң бiл. Көзiмнен қан шығар, бiрақ жас шықпайды.
****
Мен өзiмдi, жауынгерлерiмдi базарға жұмсаған жоқпын, Отан үшiн, намыс үшiн жауға жұмсадым.
****
Мен жазушы емеспiн. Мен тек қана мемуариспiн, шындықты ғана жазамын. Болған оқиға мен көзiммен көргендерiмдi ғана жазамын.
Qaznews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста