Бауыржан Ибрагимов рэкет Баха-Фестивальмен араласқанын айтты
Кезінде «Тамаша» ойын-сауық театрының белді мүшесі болған Бауыржан Ибрагимов қылмыс әлемінің сардары деп танылған, атақты рэкеттер Сабыр Муслимов, Баха-Фестивальдармен қатар жүрген кезін сағына еске алды. Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты деп хабарлайды тілшісі.
Сұхбат барысында Бауыржан Ибрагимов олардың нағыз ұлтшыл, елі үшін туған азаматтар екендігін жеткізді.
– «Менің екі дүниеде қолым таза. Сол кезде менің жарқырап шығып жатқан кезім. Сол кезде жігіттер мені тойлары мен қызықшылықтары болса шақырды. Олардың жанында қорыққандықтан немесе бір ісіне қатысым болғандықтан жүрген жоқпын. Бір көргенде ішің тартып тұратын жақын адамдар болды. Арғы жағындағы тірліктерін білмеймін. Бергі жағындағы дүниеде керемет, тамаша жігіттер еді. Бәке, Бәке деп өліп қалатын. 1993 жылдары Шымкентте театрды ашып барғанымда Керім деген жігіт болған. Шымкенттің жігіттерінің атынан біздің театрға бір жигули атады. Олар ұлтшыл жігіттер еді. Өкіметте заң болғанымен. Өкіметтің өзі істей алмайтын тірліктер бар. Өзге ұлттар басымсынған жағдайда олар қолдап, қорғады», - Бауыржан Ибрагимов.
Еске сала кетейік, Сабыр Муслимов пен Баха-Фестиваль ел тәуелсіздік алған жылдары танылған қылмыс әлеміндегі атақты рэкеттер.