Батырдың көркем бейнесі

Халық Қаһарманы, ұлтымыздың біртуар перзенті Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі елге кеңінен таныс. Сағадат Қожахметұлын танымаймын деу – қазақ үшін ұят. Дегенмен көпшіліктің тұғырлы тұлға жайындағы білімі батыр дегеннен арыға аспайтыны, ащы да болса шындық. Осы тұрғыдан алғанда, ұлт перзентін жарқырата көрсету жағы – ке­зек күттірмейтін мәселе. Өзге елдер Са­ғадаттай батыры болса, ол жайында әлде­қа­шан көркем фильм түсіріп үлгерер еді. Көр­кем картинаға Сағадат батырдың бол­мысы сұранып-ақ тұр. Дегенмен бізде онд­ай қадамдар жасалған жоқ. Осындай кемші­лігіміздің орны сәл де болса толғандай болды.

Кино түсірілмесе де, кітап жарық көрді. Бел­гілі журналист Болат Жүнісбековтің «Отасу» атты роман-дилогиясы оқырмандарға жол тартты. Кітап «От» және «Су» атты екі бөлімнен тұрады. Бас кейіпкер – Сағадат Нұрмағамбет­ұлы. Бұл жерде ойдан жо­нып, қырдан алған түк те жоқ. Барлығы да – батыр тұлғаның бастан кешкендері. Демек, бас кейіпкер мен прототиптің образының арасында айтарлықтай айырма жоқ. Бұл кітапта жан-жақты тұлғаның көркем бейнесі жасалған. Оқырман қауым сырттай танитын батырдың болмысымен кеңірек таныса алады. Бұл кітап – өмірі өнегеге толы, қазақтың әр баласы үлгі тұтарлық Сағадат Қожахметұлы жайында білгісі келетін оқырманға жасалған үлкен сыйлық. Оқырман күткен дүние «Сарыарқа» баспасынан жарық көрген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста