Батырдың бір өкініші

(Аңыз)

Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының орыстарға қарсы көтеріліс кезінде ерлігімен көзге түскен Ақжолтай Ағыбай батырдың өз өміріндегі көп өкінішінің бірі жайында ел аузындағы аңыз-әңгіме былай дейді.
Мұздай қаруланған орыстың жазалаушы отрядтарымен қаша ұрыс салып Сарыарқаның сайын даласының ана шетінен бір, мына шетінен бір бой көрсетіп, қазақ ауылдарының атқамінер азаматтарын қолына қосып алып келе жатқан Кенесары ханның бетін Бетпақтың шөліне түзеген кезі болатын. Тайатқан-Шұнақпен шектесіп жатқан құмдауыт даланың анда-санда кезігіп қалар құба жондардан өзге тігер биігі де жоқ еді. Осынау ұшы-қиырсыз маң даланы таспадай тіліп ағып жатқан Шажағай өзенінің бойы ғана ұйысқан сүмбі талдар мен көк құраққа толы.
Кенесары ханның қолы Шажағай өзенінің сол жақ аңғарына қос тігіп, екі-үш күн еру болуды ойлаған. Үнемі ат үстінде, жорық жағдайында жүрген сарбаздарының ұзақ жолдың алдында дем алуларын да жөн санаған. Қос тіккен жерінен шалғай жатқан Тама ауылына Ағыбай бастаған бір топ батырын жіберіп мініске қажетті жылқы алдыруды ойлаған.
Түн қатып жолға шыққан шағын қол таң ата жылқышылардың қосы отырған төбенің іргесіндегі өзекке келіп тоқтаған еді. Күн көтеріле қостың басына сауын билерін иіріп тастап, желіге құлын байлап жүрген ақсұр жүзді, сымбатты жас жігітке келіп Ағыбай жөн сұрайды. Ауылдың жылқышылар қосынан бір-екі кезең әріде екенін жігіттен сұрап білген Ағыбай жігіттері ат шалдырып отырған өзекке қайта оралады. Ауылдың алыста екенін, соңдарынан тұра қуар қуғыншының бола қоймасын аңдаған батыр кеш түсе салысымен жылқыларды қуа жөнеледі. Біраз жер ұзап шыққаннан кейін жігіттеріне жылқыны жай айдауды табыстап, арасында Наурызбай бар, бес-алты жас батырды өзімен бірге алып, қуғыншы келсе тосып алмақ ниетпен жылқы соңында қалады.
Жаздың қысқа түні өтіп, арайлап таң атады. Жылқыны жоқтап шыға қойған қуғыншы байқалмайды. Күн сәскеге таянғанда ғана көз ұшында ноқаттай боп жалғыз қара көрінеді. Жол ортасынан асып кеткен барымташылар жалғыз аттыны қуғыншы деп те ойлаған жоқ-ты.
Бірақ есік пен төрдей бедеу байталға мінген жас жігіт найзасын қолда ойнатып, жол тосып тұрған Ағыбай батырдың жігіттеріне қиқулай жалғыз ат қояды. Көсіле шапқан бедеу байталдың оң жағына бір, сол жағына бір ересен ептілікпен қисая найза сілтеген жалғыз атты қуғыншы жолына қарсы келген Ағыбайдың жігіттерін аттан тымақша іліп тастап, алға қарай ұмтыла береді.
Кең жазықтағы мына шайқасқа төбеден көз салып тұрған Ағыбай әлгі жігіттің Наурызбаймен алма-кезек найза салысып, алдырмай келе жатқанын аңғарады. Топ сарбаздан жалғыз қуғыншыға төтеп берер ешкімнің болмағанына бір жағынан намыстанған, екінші жағынан Наурызбайды қапылыста жазым етер деп қауіптенген ол атын тебініп қалып бүйірден төтелей қосылады. Наурызбаймен жағаласып келе жатқан қуғыншының кеше таңертең қос басында өзі жөн сұраған жігіт екенін Ағыбай енді аңғарды. Жебедей атылған Ақауыз аттың екпінімен ә дегенше аш бүйірден жетіп келген Ағыбай қуғыншы жігітке найза шаншып үлгерген еді. Аһ ұрып, аттың жалын құша берген жігіттің қолтығынан демей ұстаған Наурызбай: «Ағеке-ай, бекер болды-ау!..» деп қалды. Бөрік астынан суси төгілген қос бұрымға қарап тұрып жас батырдың жігіт емес, қыз екенін білген Ағыбайдың өкініштен өзегі удай ашыды...
Шажағай өзенінің күнгей жақ бетінде қызыл балшықтан күмбездеп салынған шағын бейіт тұр. Осы өңірдің халқы оны «Қыздың бейіті» дейді. Ағыбай найзасының ұшына ілігіп мерт болған Тама елінің батыр қызы осылайша ел аузында аңыз болып қалды. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста