Ертең Талдықорған қаласындағы Тәуелсіздік көшесінің бойында қазақтың хас батыры Қаракерей Қабанбай ескерткіші ашылады.
Батыр ескерткіші жобасының авторлары – Қаби Баулықов пен Бердібек Шідербаев. Ескерткіш мүсінін жасаған – мүсінші-сәулетші Болат Құсайынов. Ескерткіштің ашылуы аясында республикалық ақындар айтысы өтеді, ал «Талдықорған» атшабарында ұлттық ат спортынан жарыстар ұйымдастырылып, батыр бабаға арнап ас беріледі.