БАТА

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Құрметті оқырман ел аузындағы бата-тілектерді жинасытырып назарларыңызға ұсына бастадық. Бұл игі іске алып-қосар ойыңыз немесе өз жаныңыздан шығарған, ел аузынан, қадірлі қариялардан естіген баталарыңыз болса alashainasy.kz сайтына пікір жазып немесе мына почтаға (alashbata@mail.ru) хат жолдаңыз!
***
Бисмилляһи-р-рахман ир рахим
Уә, жаратқан ием құдірет!
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет!
Достың көңілін аша көр,
Дұшпанның көңілін баса көр!
Тозақтағы оттан қақ,
Ниеті қара жаттан қақ,
Көсіп беріп, жоқтан қақ!
Әділдікті бұрғаннан сақта,
Қайырымсыз туғаннан сақта,
Өтпес пышақ, шабан атыңнан сақта,
Көкдауыл шайпау қатыннан сақта!
Қоғамды жеген қастардан сақта,
Шарап құмар мастардан сақта,
Қарт сыйламас жастардан сақта,
Қарны тойып есірген шақта
Нанды тепкен кесірден сақта,
Кеудесін керген келіннен сақта,
Мезгілсіз келген өлімнен сақта,
Татымсыз тұздан сақта,
Ұятсыз қыздан сақта,
Жігіттің аңқауынан сақта,
Жастардың жалқауынан сақта!
Үлкенінде нақыл жоқ,
Кішісінде ақыл жоқ,
Ағайынның бітпес дауынан сақта!
Уа, құдайым!
Ұл берсең білікті қып бер.
Қыз берсең көрікті қып бер,
Келін берсең келісті қып бер.
Мінер ат берсең желісті қып бер,
Ағаш берсең жемісті қып бер!
Төрт түлік мал аулаға толсын,
Арпа, бидай қамбаға толсын.
Дастарқаның бай болсын,
Пейілің соған сай болсын.
Үй ішінде ұйым болсын,
Үйіңде күнде жиын болсын.
Биік болып мәртебең,
Топ ішінде сыйың болсын,
Ауызбірлік мықты боп,
Жаман жолдан тыйым болсын.
Қонақ күтер күйің болсын,
Алты бөлме үйің болсын.
Осының бәрін көтерер
Бастарыңда миың болсын!
***
Ақыл айттым, ұл – қызым,
Ұрпағыма арнадым.
Берекеге шақырам,
Байқарсың сөздің салмағын.
Туысқанмен ақылдас,
Бос қайтпасын қармағың,
«Ене көрген – тон пішер»
Деген сөзді жалғадым.
Жақсы ойланып, жастарым,
Мұның да байқа салмағын,
Біреулер мақтап жағынар,
Көре алмай біреу тарылар.
Ойдағыны айтты деп,
Біреулер мені сағынар.
Түсінетін сөз мәнін,
Жақсы адамдар табылар.
Ағайын – туыс, құрбылар,
Білгенін мақтап, жыр қылар.
Кейбіреуі жамандап,
Жігерімді құм қылар.
Ауыз бірлік сақтаған,
Берекені жақтаған.
Ал туысқан ағайын,
Қайсыбірін жазайын -
Көре алмаған адамдар,
Өзі тартсын сазайын.
Жастарыма – аманат,
Тыңдасаңдар жамағат.
Берекемен басқарып,
Біріңді – бірің қамдаңдар.
Білім менен өнерде,
Тағы да артта қалмаңдар.
Жастар деп соққан жүрегім,
Туысты жақсы білемін.
Бақытты жастар болыңдар,
Қабыл болсын тілегім!
Әмин.

Уа, Жаратқан Ием!
Қошқарұлы Жәнібекке Қаракерей Соқыр Абыздың берген батасы
Кемеңгердің алғыр ойын берсін
Би-исми-л-лаһи-р-раһмани-р-рахим
Жас жұбайларға бата
Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол
Әуелі, құдай оңдай көр
Жарылқа, тәңірім, қабыл ет.
Ұлыс күні қазан толcа
Қарық қып құтты Наурыз
Құрдасыңа – қуаныш бол
Уа, жаратқан, жарылқа
Құдайдың өзі сөйтіп оңдасын
Бата жинағының сілтемесіне басыңыз
Әумин десең маған
Жас баланың күлкісін бер
Жаңбырсыз жаздан сақта
Анаға бата

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста