Баспасөз баһадүрі Шерхан Мұртаза өмірінен қызықты деректер

Қазақ руханиятында «Шерағаңның шекпені» деген атау бар. Бұл қазақтың заңғар жазушысы, кәсіби журналист, мемлекет қайраткері Шерхан Мұртазаға айтылған. Бүгін сол қазақ журналистерін қанатының астына алып тәрбиелеген, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Шерхан Мұртазаның өмірге келген күні. 

Осыған байланысты баспасөздің баһадүрі Шерхан Мұртаза жайлы Әдебиет порталында жарияланған материалды назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

Қазақ әдебиетіне де өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің өмірінен қызықты деректер толып жатыр. Әрине оқырман білетін қызықтары да, білмейтін қызықтары да бар деп ойлаймын. Ендеше жазушы-журналист ағамыздың қызықты деректерімен таныса отырыңыздар.

- Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жазушының шын есімі – Шері. Қазақтың айбарлы, қайратты жыртқыш аңы – барысқа байланысты қойылған.

- Алғашқы кітабі 26 жасында «Құрылысшы Дәку» деген атпен жарық көрді. Оның еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған. Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Бір қызығы Шерхан Мұртаза алдымен жазушылыға мен журналистігі емес, ақындығымен танылды.

- Шерхан Мұртазаның ана тіліміз туралы айтқан қанатты сөздері. Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.

- Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан Мұртаза 8 жасында қазіргі Жуалы ауданы өзі туған Талапты ауылындағы мектептің бірінші сыныбына барған. Әкесіне ерте айырылған бала оқу мен еңбекке ерте араласады. Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кезеңдерімен тұспа-тұс келген. Сондықтан болар жазушының түсіне жиі балалық шағы оралып отырған. Тауқыметті кезеңдерді бастан өткізген соң болар, жазушының балалық шағы бала көңілмен өтпеді.

- Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. Ал әдебиет саласындағы еңбектерін айтқанда көркем туындыларын ғана айтып қойған жөн болмас. Әдебиетте көлемді жұмыс ретінде аударма саласын таңдады. Шерхан Мұртаза әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне тәржімалады. Қырғыз жазушысының «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты повесть, романдарын орысшадан аударды.

- Шерхан Мұртаза – әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларын аударған аудармашы. Ганс Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін қазақ тіліне тәржімалады. «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

- Шерхан Мұртаза өзінің шығармаларында адам бейнесін табиғаттың сұлулығымен астастыра отырып, өте көркем бейнелейді әрі әр кейіпкердің ойын терең түсіне отырып, адам мен табиғаттың тынысы бір екенін көрсете білген жазушы.

- Шерхан Мұртазаның тұмарындай болған туындысы – «Қызыл жебе» эпопеясы. Бес кітаптан тұратын шығарма - қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов туралы көлемді туынды. Ұлт қайраткері Тұрар Рысқұловтың тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстық ықыласына бөленген шығарма. Тұрар Рысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы, тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырып айтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасы бола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сом туынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақ халқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыр кезеңін шынайы суреттей білді.

- Шерхан Мұртаза спортты жанына серік еткен атлет. Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған студенттік шағында бокспен айналысқан. Ол уақытта факультеті намысын қорғап, орта салмақтарда жүлдегер атанған. Шерхан Мұртаза спорттың бильярд және тапанша ату түрінен де жақсы болған.

- Шерхан Мұртаза алты жерде бас редакторлық қызмет атқарған. 1970 — 72 жылдары «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1980 — 89 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы. Лениншіл газетіне бас редактор болып келгенде 30 мың таралыммен таралған газеттің оқырманын 150 мыңға жеткізді. Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» таңғы ойын-суықтық бағдарламасы Шерхан Мұртазаның идеясымен ашылған.

sn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста