Бас жүлде ешкімге бұйырмады

Бас жүлде ешкімге бұйырмады

Шымкент қаласында жыл сайын ұйымдастыры­латын «Қазақ романсиадасы» романс орындаушылардың шебер­лігін шыңдап, талай жас жұлдыздың бағын ашты десек, қателеспейміз.
Биыл ХV рет ұйымдастырылған Ха­лық­аралық «Қазақ романсиадасы» бай­қауына еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелдерден 61 орын­дау­шы жи­нал­ды. Олар екі күн бойы қала тұр­ғын­да­рына сырлы саз бен ерекше көңіл күй сый­лады. Әділқазылар алқасына жыл­да­ғы­дай Ресейдің халық әртісі Галина Пре­об­раженская бастаған көпшiлiкке танымал кәсiби шеберлер қазылық жасады.
61 үміткер сынға түскен өнер бәйге­сінде қазақ және орыс романстары бо­йын­ша бірінші орынды Талғат Ғалиев, Евгений Чайников (Астана) пен Балуан Беркенов (Ал­маты) жеңіп алды. Ал жүлделі екін­ші орын қазақ романсы бойынша – Құн­дыз Қа­рып­паева (Қырғызстан), Жұма­бек Қаң­тар­баев (Алматы), орыс роман­сы бо­йынша Фахриддин Фаз­лиев (Тәжікстан), Наталья Сараева (Өзбекстан) және Ай­гүл Азатоваға (Шымкент) бұйырды. Үшін­ші ор­ынды қазақ романсынан – Олеся Ско­ри­кова (Павлодар), Гүлжан Арим­жа (Ас­та­на), орыс романсынан Нур­бек Ав­лия­қу­лов пен Умид Исраилов (Өзбек­стан) жә­не Жан­ғали Әбішев (Астана) өз­ара бө­ліс­ті. Бұ­лардан бөлек Әсел Уаше­ва (Ал­ма­ты), Фа­ран­гиз Шамсиева мен Юлия Габ­дю­кова (Өз­бекстан) – «Ро­ман­сиа­да аруы» ар­найы жүл­десін, Роза Нұр­кей (Ас­та­на) – «Жанр­ға адал­дық» номи­на­ция­сын, ең жас қаты­су­шы Ниматилло Зкрул­лаев (Шым­кент) – «Ро­ман­сиада үміті» сый­лығын, Ай­зе­рек Мо­мы­нов, Сергей Ходюков, Али­са Вы­ры­шева (Қырғызстан) мен Ан­гели­на Ахме­дова, Бек­зод Садықовтар (Өз­бекстан) «Әр­тіс­тігі және әдебі» үшін но­ми­на­ция­сын иеленді.
Бас жүлдеге биыл ешкім лайық деп та­ныл­мады. Бұл – Мәскеуде өтетін халық­ара­лық романсиадаға ешкім бармайды деген сөз емес. Бірінші орын алған үш үз­дік­тің ішінен іріктеліп алынуы мүмкін. Оны қазылар алқасының төрайымы Гали­на Пре­об­раженская құпия күйінде қал­дырды.
«Қазақ романсиадасы» жүлдегерлерін марапаттау рәсімі тамаша гала-концертке ұласты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста