Қыдыр атаның оң қолының бас бармағында сүйек болмайды және оның реңi қызғылт болып келедi екен. "Қырықтың бiрi – Қыдыр" дейтiн ата-бабаларымыздың айтқандарына қарағанда, осындай бармағы бар адамға жолыққан кiсiнi Қыдыр ата қолдайды екен. Сол себептен Ұлыстың ұлы күнi сәлемдескенде, көпшiлiк шап берiп бас бармақтан ұстауға тырысады. Ал бас бармағын ұстатпаған жандарды қуып жүретiндер болады екен.
Қыдыр ата қарт болып та, жас болып та – әртүрлi кейiпте көрiнедi. Сондықтан бүгiнгi Ұлыс күнi бiр-бiрлерiңiздiң бас бармақтарыңызды ұстап амандасуға тырысыңыздар, сiзге де Қыдыр даритын шығар...
Ал астрология iлiмi бойынша, бас бармақ Марс ғаламшарының қасиетiне ие екен. Марстың ыстық ғаламшарға жататынын ескерсек, бас бармақ энергияның, күш-қуаттың символы болып табылады.
Бас бармағынан басып, Қыдыр атаны таныңыз!
Последние статьи автора