Бармысың, балалар әні?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бүгінгі балалар жазда апасының ауылына барғанда, алдынан ойнақтап шығатын қошақан жайлы әнді менсіне бермейді. Оған себеп те жоқ емес. Мектепке дейінгі тәрбие ошақтарында мұғалімдер балаларға арнап жазылған әндердің аз екендігін айтып мұң шағады. Есесіне, бүлдіршіндер махаббат жайлы әндерді құшырлана орындайды. Ал айтпайын десе, басқа ән жоқ.
Заманауи әндерді шырқайтын бүл­діршіндер: «Апай, бұл әндер сізге ұнамай ма? Бұлардың бәрі де бүгінгі хит әндер ғой», – дейді. Пәк көңіл, періште пейілді сәбилердің бүкпесі жоқ ашық әңгімелері талай ойға жетелейді екен. Рас, бүгінде балалар әдебиеті сияқты балалар әні де тоқырау үстінде десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі балдырғандарға ұйқасы жеңіл, тез жатталатын ойнақы әндер жетіспейтіні рас. Сосын олар өзге тілдегі әндерді шырқауға құмар болмай қайтсін? Балаларға арналған әндер мүлдем жоқ деп, ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Бірақ жаңа әндер теңізге жұтылып кететін тамшыдай болған соң, айтамыз-дағы. Олардың көбісі – осыдан ширек ғасыр бұрын шыққан әндер.
Балаларға арнап ән жазатын ком­по­зиторлар аз. Атақты деген ком­по­зиторларымыздың әндері бар-ау. Бірақ олар арнау ән болып келеді. Яғни «Немереме», «Қошақаным», «Бала­па­ным» деген сияқты. Композитор көке­леріміз балаларға арнап ән жазып, алтын уақытын сарп еткенше, кереметтей әніне клип түсіртіп, белді әншілерге сатқанды жөн санайтын сықылды. Бәрі емес, әрине, кейбірі. Кезінде «Әнші балапан» атты байқау болатын. Бүкіл республиканы қамтыған осы байқау талай талантты бүлдіршіннің бағын ашты. Оған қоса, көптеген жаңа әндердің тұсауын да кесті. Ал «Әнші болғым келеді» байқауы «Әнші балапанның» орнын баса алған жоқ. «Әнші, жыршы, күйші балапан» деп ән шырқайтын балапандардың бүгінде бағы ашылмай жүр. Бүгінгі рэп стиліндегі әндер сәби санасына сәуле түсіре ме? Ол әндер шынайы өмірді сол қалпында қабылдайтын кішкентай бүлдіршіндерге қандай тәлім-тәрбие бермек? Отан­сүйгіштікке үндеп, патриоттық рухты оятатын әндер жазып, сәбилерімізді не­ге әлдилемейміз? Бізде мәселенің бәрі ақшаға келіп тіреле беретіні белгілі ғой. Осындайда ойға қаласың. Қалталы азаматтарымыз, дұрысы, ұлтқа, ұлттың болашағына жаны ашитындар бас болып композиторлар арасында байқау жарияласа, қанекей. Бәлкім, сонда ба­ла­лардың қосыла шырқайтын сүйікті әні көбейер. Сонда ғана балалар ересектердің махаббат машақаты жайлы әндеріне үйір болып ерте есеймей, өз әлемінде тербелер, бәлкім. Ән де – тәрбиенің бір тармағы. Ендеше, Отан, туған жер туралы балалар қосыла шырқайтын әндер жазудың кезі әлдеқашан келген сияқты...
Құралай СӘТМҰХАМБЕТОВА, композитор:
– Шынында да, балаларға арнал­ған әндердің аз екені рас. Түрлі бай­қауларда әділқазылық етіп жүріп байқағаным, балалардың репертуары жұтаң. Көбіне белгілі әншілердің ор­ын­дауындағы әндерді айтып жата­ды. Ол әндері махаббат туралы, сезім туралы болып келеді. Мәселен, менің өзімде балаларға арналған он шақты әнім бар. Хабарласып, ән сұрап келс­е, үйретуден жалықпас едім. Тіпті те­гін берер едім. Қазір білесіз, ән де сатылатын болып кетті ғой. Өкінішке қарай, іздеп, сұрап жатқан бірі жоқ. Балалардың халық әндерін де айтқаны дұрыс-ау. Бірақ дауысы келсе, жасына сай болса. Ән таң­дауға жетекшілерімен бірге ата-аналары да атсалысса, дұрыс болар еді.

Тамызық
Бірде қаладағы мектептердің біріне жолымыз түсті. Музыка пәні мұғалімінен рұқсат алып, балалардың қандай ән айтып жүргенін тыңдап көрейік дегенбіз. Бірінен-бірі қалыспай ән шырқауға көшкен балалардың алғашқысы «Арман-ай, тым алысқа әкеттің-ау сен мені...» деп шырқай жөнелді. Екіншісі де махаббат маша­қаты жайлы әнді боздатты. Үшіншісі тіпті «таңдайымызды қақтырды». «Шымкенттің салқын сырасы...» деп балаларды ішімдік әлеміне жетелеп әкетті. Алдап кеткен арман, сүйгені тастап кеткен жігіттің жылаңқы әні... Бүгінгі бүлдіршіндердің аузынан тастамай айтатын әндері осындай.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста