Барманқұлов оқуларының берері мол

Биыл қазақ телевизиясының корифейі атанған, белгілі көсемсөзші, түркітанушы, қазақ журналистикасының дамуына айрық­ша үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Марат Барманқұловтың туғанына 75 жыл толып отыр. Осыған орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­тетіндегі журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Барман­құлов­ оқулары аясында «М.Барманқұлов –  Қазақстан телевизия­лық журналистикасы­ның теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаушы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны филология ғылы­мының докторы, профессор, журналис­тика факультетінің деканы Ө.Әбдима­н­ұлы мен тарих ғылымының докторы, профессор С.Қозыбаев және филология ғылымының докторы, профессор, бас­пасөз және элек­тронды БАҚ кафед­расының меңгерушісі Қ.Тұрсын ашық деп жариялап, кіріспе сөз сөйлегеннен кейін, конференция көркі қыза түсті. Ғылыми конференция барысын­да көрнекті ғалым туралы «Өнегелі өмір» сериясымен жа­рық көрген «Марат Бар­ман­құлов» кіта­бының тұсаукесері өтті. Өмі­рін телевизия саласына арнаған, өзгелер­ден озық саналатын тұлғаның бейнесі алыстаған сайын биіктей көрінеді. Аталған кітаптың мазмұнын ұғар оқырман ойы да осы арнаға топтасары даусыз. Баспадан жаңа­дан шыққан кітапты саяси ғылым­дар докторы, профессор Г.Сұлтанбаева қалың жұртшылыққа таныстырды. Және телеэк­раннан конференция қонақтарына про­фес­сор М.Барманқұловтың өмірі мен қыз­метіне арналған фильмнің де тұсауы ке­сіл­ді. Фильм жайлы ұйымдастыру­шы­лардың бірі, «Барманқұлов» телестудия­сының үйлестірушісі Ә.Молдабеков пен осы телестудияның техникалық жағын басқарушы М. Құрбанбаев әңгімеледі. Бұл фильм, негізінен, М.Барманқұловтың өмірі, ата-анасы, отбасы туралы жан-жақ­ты баяндайды, ашылмаған қырла­рынан көрініс беретін тамаша естелік­терден құралған.
Республикалық бұқаралық ақпарат құ­рал­дарында жұмыс жасап жүрген журна­листердің бірнеше буын өкілдерін тәрбие­леген ұлағатты ұстаздың есімі факультет көлемінде емес, республика, қала берді, халықаралық деңгейде мәшһүр. Тұлғаның отандық теле­ар­на саласына қосқан орасан зор еңбегін білетін фа­культет­тің жас студенттері ағаны артында қалған мол мұрасынан танитындығын айтады. Және сол студент­тердің тікелей қатысуымен өткен М.Бар­манқұлов атын­дағы ҚазҰУ телера­дио­кешені ұйымдастыр­ған дәстүрлі ІІ рес­публикалық жас теле­радио журналис­тері байқауының қо­ры­тындысы жария­ланды. Нәтижесінде, үздіктердің қата­рынан көрінген, шығар­машылықтары мен белсенділіктерін ұш­тастыра білген студенттер қазылар алқа­сы­ның ыстық ықыласына бөленіп, гра­мо­талар иеленді. Сонымен дәстүрлі байқаудың жеңімпаз­дары: журналистика факультеті орыс бөлімінің 2-курс студенттері әзірлеген «Барманқұлов өмірі» жайлы жазылған деректі фильмі, журналистика факульте­тінің студенті Қ.Купесованың «Домбыра» деректі фильмі, журналистика факульте­тінің 2-курс студенті Д. Балабекұлы мен А.Қуантханованың «Барманқұлов әле­мінде...» атты естелік радиохабары, фи­ло­логия факультетінің 4-курс студенттері дайындаған Д.Исабековтің «Бақыт құсы» пьесасының желісімен түсірілген телеқо­йылымы және Д.Балабекұлының «Бар­ман­­құлов» телестудиясының қол­дауы­мен жасаған анимациялық мульт­фильмі жеңім­паздар қатарынан көрінді. Және оларға түрлі сый-сияпаттар берілді.
Жеңімпаздар қорытындысы аяқтал­ған­нан кейін конференция секциялық бағытқа қарай ұласты. Онда кездесуге жиылған жұрт М.Барманқұловтың ғылы­ми еңбекте­рінің өзектілігі және дәстүр жалғастығы, ақпараттық қоғам жағда­йын­да жаңа ме­диа­ның дамуы: ұлттық және жаһандық үрдістер, Қазақс­тандағы интернет-медиа­ның дамуы, өзекті проб­лемалары, элект­ронды бұқа­ралық ақпа­рат құралдарының өркениет пен мәде­ниет дамуындағы қыз­меті жайында та­қы­рыптарды қозғап, ойларын ортаға салды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста