Заманбек Нұрқаділовтың кіші қызы – Мерей Нұрқаділова TikTok желісінде әкесімен бірге түскен кадрлардан әсерлі видео жариялады деп жазады nege.kz тілшісі.
Видеоны Мерей ағылшын тілінде: «Мен барлық еркектерді жек көремін, бірақ ол...» – деп бастайды. Ары қарай әкесімен бірге түскен суреттерді жүктеген.
Саясаткер, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қарашада қастандықтан көз жұмған еді. Көзі тірісінде сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевты ашық сынаған.
Әкесі өмірден өткенде Мерей Заманбекқызы небәрі 3 жаста болатын.