"Бақытты болуына тілекшімін". Қайрат Нұртастың анасы келіні туралы айтты

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа қолғабыс жасап, келінінінің өнердегі қадамына неге көмектеспейді деген мағынадағы әлеуметтік желі қолданушысының сұрағына жауап берді.
Белгілі әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Экспресс К.
Жұлдызды өзім қолдап, киноға түсіріп таныттым. Бүкіл қалаға немерелеріммен қосып, концертке дейін шығарып едім. Екеуіне дуэт айтқызып, тойға дейін шығардым. Қазір Жұлдыз 18-де емес, 34-те. Сондықтан барлығын әрі қарай өзі алып жүре алады,
— дейді Гүлзира Айдарбекова.

Ол енеден алатын үлгі-өнеге үйренгенін айтқан. Сөйтіп, өзінің енді келініне керегі жоғын жеткізді. Оның үстіне барлық жұмысын істеп отырған көмекшілері бар. "Кезінде сол жасымда Қайратты жетектей бастағанмын. Ол кезде көмекшім де жоқ болған" дейді.
Атақ пен абырой менің еңбегіммен келгенін білетін шығарсыздар. Әрине, мін іздеген адамға кір табу оңай. Қайраттың жанында жүрсем, тек анасы емес продюсерімін. Бастаған жұмысымды аяғына дейін алып шығуым керек,
— дейді әншінің анасы.

Ол Жұлдыздың күйеуінің тапқан ақшасымен шалқып жүргенін айтқан. Қазір екеуінің жеке өміріне араласпайды екен.
Қазір олардың маған ақыл айтатын уақыттары. Менің қолымда тұрған түк жоқ. Ренжіген сәттерім болмаса, келіндеріммен ұрсып та көрмеппін. Қайта балаларымды аяған емеспін. Тек ұрпағымның бақытты болуына тілекшімін,
— дейді Гүлзира Айдарбекова.
Соңғы кездері Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың ажырасып кеткені жайлы жиі жазылып жүр. Жақында Экспресс К. тілшісіне Жұлдыздың өзі сұхбат берген болатын.

Экспресс К.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста