Әнші Меруерт Түсіпбаева әйелдерге ақыл-кеңесін айтты. Ол қыз-келіншектердің бақытты болуы үшін өмірде үш "С" керек екенін жеткізген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Әнші өз ақыл-кеңесін әлеуметтік парақшасына салды. Онда әйелдердің бақытты болуы және өмірі ерекше әсерге толуы үшін не керек екенін айтқан.
Спортпен айналысыңыздар, қыздар. Үш "С" дегеннің не екенін білесіздер ме? Әйелдің бақытты болуы үшін осы үшеуі керек, — дейді әнші бейнежазбада.