Бақыт Шадаева үш рет ажырасуына не себеп болғанын айтты

Бақыт Шадаева үш рет ажырасуына не себеп болғанын айтты

Танымал әнші Бақыт Шадаева El.kz ақпарат агенттігінің YouTube-тегі “Базарlike” бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

Әнші үш рет тұрмыста болса да шынайы махаббат пен сезімді бастан өткермегенін айтты.

 

“Мен ешкімнің көңілдесі болған жоқпын, менің де көңілдесім болған емес. Мен ер азаматты кездестірдім, ол мені сүйетінін айтты да, мен сол адамға тұрмысқа шықтым. Кейін ол мені қатты қызғанатынын білдім. Сол себепті онымен ажырасуға тура келді. “Қызғанасың ба?” деп отыратын уақытым болмады. Түсінбесе, қоя қояйық дедім. Ол да, мен де көкірекпін. Маған халқымның махаббаты жететін еді. Мені әлі де жақсы қарсы алады”, – деді әнші.

 

Сонымен қатар әнші сұхбат барысында  өзі туралы айтқан нумеролог маманның сөзімен келісті.

 

“Махаббатымды тапқан жоқпын. Ол кісі өте дұрыс айтты. Менің атым бекерден-бекер «Бақыт» деп қойылған жоқ. Мен қайда жүрсем де, сол жерге бақыт алып келетін адаммын. Сондай қасиетім бар. Бірақ өз басыма сол бақыт қонбай жүр. Жеке өмірімде кішкене жолым болмай жүр. Бірақ бақытсызбын деп айта алмаймын. Себебі, екі қызым бар. Үлкені тұрмыста, кенжем 14 жаста, мектеп оқиды. Немерелерім өсіп келе жатыр. Ұзақ уақыт болды, мен қазір жалғызбын. Өйткені қыз тәрбиелеп жатырмын. Қыздарға үлгі-өнеге көрсетуім керекпін. Сол себепті мен өзіме әркімді жақындата бермеймін. Егер шын мәнінде менің ер азаматым болса, ол дәлелдейді,  ал мен оны бағалай білетін адаммын. Әзірге ондай азаматты кездестірген жоқпын. Өзімнен кіші жігіт болса жақсы болар еді. Жігіт те, қыздар да өзінен кіші адамды жолықтырғысы келеді. Адам болған соң қызығушылық танытамыз, ондайға қызықпасаң, өмірің бекер сияқты. Мен махаббатымды балаларыма, өнерге беремін. Өзімді солай алдаймын. Әрине, мен махаббатты қалаймын, күтемін. Жаным барда мен ол сезімге бағынып өтемін. Жас болса да, үлкен болса да, бәрібір, шынайы махаббат болса, ешкімді тыңдамаймын. Жасқа қарамаймын, сезімін қабылдаймын”, – дейді әнші.

 

Сондай-ақ Бақыт Шадаева  әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен арасындағы келеңсіз жағдай туралы бар шындықты айтып, ренішін білдірген еді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста