Отандық әнші Бақыт Шадаеваның өзінен 20 жас кіші көмекшісін ұнатып қалғаны рас па? Бұл жайында «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Көпшілік әншіні өзінің 20 жас кіші директорымен көңіл қосқан деп ойлаған.
«Иә, менің директорым бар. Ол өте келбетті жігіт. Кейде ол қатты ұнайды. Оны жасырмаймын. Бірақ мұның барлығы жұмыс барысында. Бұдан артық ештеңе айта алмаймын. Ол қазіргі уақытта өз жұмысын дұрыс орындайды. Қажетті уақытта орынан табылады», - деді әнші.
Айта кетейік, әнші араға біраз уақыт үзіліс салып, сахнаға тың туындыларымен қайта оралған еді.