Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде айыпталып отырған Дикий Арманға қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кznews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өзінің желідегі парақшасында Дикий Арманның бейнежазбасын жариялап,«Дүниенің соты – бәріне қабілетті, Алланың соты – бәрінен әділетті» деген жазба қалдырды.
Еске сала кетейік, Балғынбек кезінде Арман Жұмагелдиевке ода арнаған болатын.