Балғынбек Имашев: Айнұр Тұрсынбаева - беделді мыстан

Танымал ақын Балғынбек Имашев Айнұр Тұрсынбаеваның қандай істі бастаса да өндіретінін, айтыста орны бөлек шешен екенін айта отырып, мемлекет тарапынан еш атақ алып көрмегеніне ренжіді. Бұл туралы Имашев желідегі оқырмандарының өз сыйлығына құттықтау айтуына орай алғыс білдірген жауабында тілге тиек етті.

«Ал мынау менің ежелгі дұшпан, беделді мыстан — «атажауым» Айнұр Тұрсынбаева.
25 жыл саxнада жүріп, ешқандай атақ қумаған, 40 көлік мінсе де, Ел-жұрты алақанға сап аялап,

Елбасы үлкен жиналыста айтыста айтқан жырларынан үзінділер оқыса да, Мемлекет өз тарапынан марапат бермеген, Астананың атынан Қытай, Стамбул, Парижге барып қазақ өнерін паш етсе де, не Астананың 10 жылдық, не 20-жылдық медалін көрмеген,

менің кеше алған орденімді көре алмаса да жұрттан бұрын құттықтап, қуанышыммен бөліскен, айтыстың көлігін тауысып, Сетевой бизнеске ауысып, мерседес мінуден жарысып, ақыры xалық соққан шапалаққа шөлдеген, дәл қазір Шымкент әуежайында жатып алып көлденең, кобра мынадай түс көріп жатыр:

Келесі жылы «Еңбек сіңірген қайраткерді» алсам ба екен,
Әлде «Құрмет» орденін қобдишама салсам ба екен?
«Құрметті» мына аю алып қойды,
«Парасат» орденін тазы боп шалсам ба екем?
Жоқ, әлде, Балғынбекке на зло,
«Халықтың Қаһарманы» болсам бе екен?

Қысқасы, Айтыстың Аққуы,
Айнұр Тұрсынбаеваға ақ мейірі мен пәк пейілі үшін, мойымайтын мәрттігі мен мойындамайтын қарттығы үшін, дәстүрлі достығы мен қасқырдай қастығы үшін, даладай дарxандығы мен тағыдай тарпаңдығы үшін,

таусылмас төзімі мен сарқылмас сезімі үшін — Қазақстан Республикасы, Ақындық өнер министрлігі, Айтыскерлік комикеті, Суырыпсалмалық департаментінің атынан Алғыс жариялаймын!»,- деп жазды ақын Балғынбек Имашев.

kyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста