Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында еліміздің балғын пианиношылары өнер көрсетеді. К.Байсейітова атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты мен Ж.Әубәкірованың авторлық мектеп-колледжі оқушыларының өнерін ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі сүйемелдемек.
Филармонияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, концерт сәуірдің 9-ы күні сағат 17.00-де басталады. Жас болса да, кәсіби шеберлігімен көпшілікті мойындатып үлгерген жеті өнерпаз сахнаға шығады. Олар: Алина Главчева, Алина Машкеева, Зейнаб Мамедова, Ажар Имақова, Марианна Ягмурова, Райлан Омарова және Максим Максимов. Дирижерлер – Мүсілім Әмзе мен Арман Оразғалиев. Бағдарламада батысеуропалық және орыс композиторларының шығармалары орындалады. Концертте өнер көрсететін жалғыз ер бала – 11-сынып оқушысы Максим Максимов америкалық композитор Джордж Гершвиннің блюз стиліндегі «Көгілдір рапсодиясымен» кешті тамамдайды.
Балғын пианиношылар өнер көрсетеді
Последние статьи автора