Баланың басын балабақшадан бастап қатырмайық!

Баланың басын балабақшадан бастап қатырмайық!

 

Міне, кезекті оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Еліміздегі барлық орта білім ошақтары мен мұғалімдер, ата-аналар, биыл мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге дейін, түгелдей дерлік 2009-2010 жылғы оқу жылына қызу дайындық үстінде. Осы орайда, өткен аптада республика бойынша жер-жерде орта білім ошақтарының пән мұғалімдері және бастауыш сынып мұғалімдері өзара бас қосып, келер оқу жылындағы алға қойылған міндеттер мен білім жүйесіндегі басқа да келелі мәселелерді талқыға салды. Біз осындай жиындар өткен Алматы қаласындағы бірнеше білім ордасына бас сұққан едік. Алматы қаласында тамыздың 26-сы күні білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен өтетін «Тамыз кеңесінде» аталған жиындар қорытындыланбақ.

Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіліп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті – бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы аталған мәселені тамыздың 21-і күні №15 лингвистикалық гимназияда бас қосқан орыстілді мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері әңгіме өзегіне айналдырды. «Бастауыш сыныптағы білім сапасын тұрақты дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары» деген тақырыптағы конференцияға Алматы қаласындағы орыстілді мектептердің 1100-дей бастауыш сынып мұғалімі, сондай-ақ жиынға Білім жүйесіндегі мамандардың біліктілігін арттыру және мамандарды даярлау институтының тәжірибелі мамандары қатысты. Сонымен қатар еліміздегі жоғары білікті педагогтарды даярлайтын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттен Л.Лебедева, А.Ақпаева секілді ғалымдар да шақырылыпты.

Білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауда тәрбиелеу мен білім беруге аса жауапты қарау басты міндет болып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар. Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы осы сатылардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады.

Лариса ЗАСИМКОВА, Алматы қаласындағы Оқу-методикалық орталығының бас әдіскері:
– Қазіргі таңда Қазақстанда білім жүйесінде модернизация, соның ішінде бастауыш сыныптағы білімнің модернизациясы жүзеге асуда. Яғни біз бүгінде компитентті білім беруге көштік. Бұл дегеніміз – бүгінде орта білім ордаларында оқытушылар балаға тек білім беріп қана қоймай, олардың өмір сүруге деген қабілеттілігін қалыптастыруды, тіршілікке бейімдеуды мақсат етеді деген сөз. Бала мектеп қабырғасында-ақ өзін қоғамның мүшесі, жеке адам ретінде сезінуі тиіс. Сол үшін де біз қазір мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнатудамыз.
Мамандардың айтуынша, көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мұндайда көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады, себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады, партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.

Ольга ХОЛМЕЦКАЯ, Қ.Сәтбаев атындағы №56 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі:
– 2009-2010 оқу жылындағы біздің мақсатымыз – білім сапасын бұрынғыдан да жақсарта түсу. Ал бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – балалардың оқуға деген ынтасын жоғарылату. Яғни бала мектепке келуге, білім алуға асығып, ынтығып тұруы тиіс. Алайда бұл бір күнде немесе бір айда жүзеге аса қоймайды. Сондықтан біз жылдан-жылға, күннен-күнге біліктілігімізді арттырып, балаға барынша сапалы білім беруге тырысуымыз қажет. Бүгінгі таңда Қазақстан сапалы білім беруге ұмтылыстың алғашқы баспалдағында тұр десек болады. Келесі сатыларға көтерілуіміз үшін жалпы білім саласына кешенді түрде көңіл бөлінгені жөн. Ал біздің қосар үлесіміз – білімнің іргетасы қаланатын бастауыш сыныптағы білімнің сапасын арттыру. Өйткені бастауыш сынып мұғалімдерінің жалпы білім жүйесіндегі атқарар рөлі зор, жауапкершілігі орасан. Сондықтан келер оқу жылында барша әріптестеріме сәттілік тілеймін!

Дерек
ҚР Білім және ғылым министрлігі деректері бойынша биылғы жылы 2 555 625 бала мектепке барады, оның ішінде 296 584 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ. Оларды 7621 мемлекеттік және 115 жеке меншік мектеп қабылдайды. Сондай-ақ 101 түзеу мектептері (16 043 оқушы) мен 600-ден астам қосымша білім беру орындары жұмыс жасайды. Биылғы жылы елімізде «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 48 мектеп салынды. Жаңа оқу жылында 22 мектеп іске қосылмақ. Олардың қатарында Семей және Көкшетау қалаларындағы Тұңғыш Президенттің екі интеллектуалдық мектебі бар. Жалпы, 2009 жылдың соңына дейін 36 мектептің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасынан тыс 44 мектеп салынады деп жоспарланып отыр.

Түйін
Мектепке дейінгі кезеңде бала өзінің балалық шағын бала секілді өткізуі керек. Ал біз бүгінде мектепке даярлаймыз деп, баланы балалығынан айырып, мектеп табалдырығын аттамай жатып оның білімге деген ынтасын төмендетіп алып жатқандаймыз. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз бүгінде ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалғаны деп ұғынуымызға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста