Балаларға – мультфильм, мамандарға – сөздік, оқырманға – аудиокітап

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Өзгенің «өрмекші адамы» мен «тасбақа батырларын» пір тұтып өсіп келе жатқан қаракөз құлыншақтарымыз қазақтың қаһармандарымен қауышар күн болар ма екен деп жүр едік. Қалауымыз табылып, «қар жанатын» секілді. Қазақ аңыздарының белді кейіпкері, күлкі менен тапқырлықтың түп атасы Алдар Көсе жайлы бір емес, екі, тіпті он да емес, отыз сериялы алғашқы қазақ мультфильмі дүниеге келді. Және де бұл – жалғыз жаңалық емес! «Тағы айтарым тағы бар» дегендей, осы игі істің ұйытқысы Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасы мұнымен қатар әрқайсысы 16 сағаттық «Асыл сөз», «Шәкірттерге шашу» атты қазақ әдебиетінің үздік үлгілерінен құралған аудиокітаптар да шығарды.
Мемлекеттік тілдің мұңы жайлы айта-айта, қайран тілдің қадірін қашыра жаз­дағанымыз жасырын емес. Алайда қазіргідей ақпараттық технологиялар тас­­­­қыны үстемдік құрып тұрған заманда сөз­ден гөрі істің, яғни жобаның тиімділігі маңыз­ды екені айтпай-ақ түсінікті. Бұл не деге­німіз? Яғни бесіктен белі шықпай жатып, компьютердің құлағына жармасқан балаға «ана мультфильмді көрме, ол жаман» дегеннен гөрі оған барлық жағынан балама бола алатын өз туындымызды ұсыну қажет болатын. Ендеше, біз біртіндеп соған да жеттік. Алаш баласы Алдардай атасының тапқырлығына тәнті болсын. Басқа емес, талапқа сай 3D форматында. Айтпақшы, мультфильмнің аты ғана Алдар демесе, оның ішінде біздің Дәу секілді басқа да ұлттық қаһармандарымыз бар. Ендеше, өскелең ұрпақ төл әдебиетіміздің өкілдерімен таныса отырып, қазақша сөйлеп өсетін болады.
Кеңсе тілінің қазақшаланбасқа амалы жоқ
Сәкендей сері, ақын, Алашымыздың ардағы сонау ХХ ғасыр басында-ақ «қазақ тілінің кеңсе тіліне айналмай, көсегесінің көгермейтінін» айтып кеткені естеріңізде болар. Ғасыр жаңарса да, сол талаптың үдесінен шыға алмай отырғанымыз ұят та болса, ақиқат. «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім» дегендей, іс-қағаздарын қа­зақ­шалауға талап қойылғанмен, іс жү­зінде құжат атаулы орысша ойқастап жүр. Осы жағынан да Алматы қаласы Тіл­­дерді дамыту департаменті қамытты өз мойнына киіп, «ҚР Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға ар­нал­ған мемлекеттік бағдарламасы» бо­йын­ша, көптеген кәсіби салаларда рес­ми іс-қағаздарының мемлекеттік тілдегі үлгісінің электронды нұсқаларын, терминдік сөздіктер мен тілдескіштер шығарды.
Мамай АХЕТ, Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының төрағасы:
– Соңғы үш жылда құжаттардың мемлекеттік тілдегі үлгілерін кітап түрінде және электронды нұсқаларын дайындау біздің үрдісімізге айналып үлгерді. Биылғы жылы тұрғын үй және жер қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолда­ры, энергетика және коммунал­дық шаруашылық саласына қатысты құ­жат үлгілерін екі тілде компьютерде қолдана беретіндей етіп жасап шы­ғардық. Осы сала мамандарына, бас­қармаларға және халыққа қызмет көрсету орталықтарына таратып береміз.
Естеріңізде болса, мұның алдында са­­нитарлық-эпидемиологиялық және ме­­ди­­цина мен қаржы сала­лары бойынша, қысқасы, Алматы қа­ласы бо­йынша қанша басқармалар болса, со­лардың барлығына арнап осын­дай үлгілер шыға­рыл­ған болатын. Сон­дық­тан бұл істі сол бұрынғының заң­ды жал­ғасы дегені­міз орынды. Тағы бір ай­тарлығы, биыл сон­дай-ақ бұрыннан бас­тал­ған салалар бойын­ша терминдік сөз­діктер шығару ісі жалғасын тауып, спорт жә­не туризм, сақтандыру салалары бо­йын­ша тер­миндердің орысша-қазақша анық­та­малық сөздігі жарыққа шықты. Ба­за­лық терминдерден бастап, бар­лық атау­лар­дың, кәсіби ұғымдардың орысша-қа­зақша түсіндірмесі жүйелі түр­де берілгендіктен, ендігіде қай сала маманы болсын жалтарса, сылтау іздеп тұр деп түсінбекпіз.
Көркем шығармалар күйтабағы
«Құлақтан кіріп, бойды алар» деп хакім Абай әсем ән мен тәтті күйді айтса, енді бүгін әдебиетіміздің асыл жау­һар­ларын да тыңдайтын күнге жеттік. Ау­дио­кітаптың әлемде шыға бастағанына көп бола қойған жоқ, шүкір, қазаққа да жетті. Осыған дейін «Жазушы» баспасы­нан шыққан аудиокітаптар қатарын ен­ді аталған басқарманың арнайы тапсы­рысымен шығарылған «Асыл сөз» аудиокітаптары толықтырды. Үш CD таспадан тұратын бұл жинақтың жалпы хро­­нометражы 16 сағатты құрай­ды. Мұх­тар Әуезовтің «Қыр суреттері», «Қа­ралы сұлу», «Қорғансыздың күні», Жү­сіпбек Аймауытовтың «Әнші», «Елес» әңгімелері, Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Күлпаш», «Арыстанбайдың Мұ­қы­шы» секілді әңгімелерінен бастап, бергі­сі Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» бі­рінші таспаға енсе, екінші таспада Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа», Сайын Мұратбековтің «Жусан исі», ал үшінші таспаға Мұхтар Мағауиннің «Әс­кер­жанның анасы», «Гимн», «Жындыбас» секілді шығармалары т.б. енген. Ал шы­ғармаларды оқығандар: еліміздің өнер саңлақтары Бауыржан Қаптағай, Гүлнәзит Омарова және Аманжан Серіков.

Түйін
Ақсақал тұрып, баланы төрге шығарғандай, ұлт үшін маңызды Тәуелсіздік мерекесін тойламай тұрып, шыршалар шамының жағылуы намысымызға қозғау салғаны жасырын емес. Осы ретте бесіктегі баладан көпті көрген данаға дейін қуанатын мынадай іс, яғни ұлттық қаһармандарымызды дәріптейтін мультфильмдер, тіл ашатын сөздіктер және құлақтан кірер кітаптар Алаш баласына Тәуелсіздік мейрамына арналған тарту болғандай.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста