Балалар мен жасөспірімдер театры солтүстікке гастрольдік сапармен барады

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Петропавл, Екібастұз, Павлодар қалаларына гастрольдік сапармен барады.
Гастрольдік сапар 22–25 қыркүйек аралығында Петропавл қаласындағы Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрынан басталады. Мүсірепов ұжымы одан кейін 27 қыркүйекте Екібастұз қаласындағы «Өнер» мәдениет орталығында қойылым қойып, артынша 28–30 қыркүйек аралығында Павлодар қаласындағы Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында қонақта болады.
Солтүстік өңірінің үш қаласында Лидия Кәден, Күләш Қажығалиева, Сағат Жылгелдиев, Тынышкүл Сұлтанбердиева, Шолпан Сіргебаева, Жақсыбек Құрманбеков, Күлжәмила Белжанова, Еркін Әбдіреш, Рахман Омар, Бейбіт Камаранов, Бақыт Тушаев, Қуаныш Тұрдалин, Толқын Нұрбекова, Гүлбахрам Байбосынова, Динара Абдуллина сынды республикамызға танымал әртістер мен жас буын өкілдері өнер көрсетеді.
Театр репертуары мынадай болмақ:
22-25 қыркүйек аралығында Петропавл қаласындағы Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында қойылымдар өтеді.
22 қыркүйекте – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы;
23-25 қыркүйекте – «Келіндер көтерілісі» комедиясы;
Сондай-ақ «Ер көжек» музыкалық ертегісі көрсетіледі.
24 қыркүйекте – «Мен ұмытылмаймын...» лирикалық драмасы және «Ер көжек» балаларға арналған ертегісін қалалық Мәдениет сарайынан көруге болады.
Спектакльдердің басталуы:
Ересектерге арналған қойылымдар – 19:00-де;
Балаларға арналған күндізгі ертегі – 11:00, 13:00-де.
27 қыркүйекте Екібастұз қаласындағы «Өнер» мәдениет орталығында гастрольдік қойылымдар өтеді.
«Мен ұмытылмаймын...» лирикалық драмасы сағат: 18:30-да;
Балаларға арналған «Ер көжек» музыкалық ертегісі - сағат 12:00-де және 14:00-де.
28-30 қыркүйек аралығында Павлодар қаласындағы Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында гастрольдік қойылымдар өтеді.
28 қыркүйекте – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы;
29 қыркүйекте – «Келіндер көтерілісі» комедиясы;
30 қыркүйекте – «Мен ұмытылмаймын...» лирикалық драмасы.
Басталуы: 18:30-да.
29-30 қыркүйек күндері кішкентай көрермендерге арналған «Ер көжек» музыкалық ертегісі ұсынылады.
Басталуы: 11:00 және 13.00-де.
Алып шаһар – Алматыдан келген киелі өнер ордасы ұсынған қойылымдарды көріп, көзайым болудан қалыс қалмайық, ағайын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста