Байзақова ұл бала күтіп жүргенін мәлімдеді
Жақында ғана жеке өміріндегі жағымды жаңалығымен бөліскен Айжан Байзақова болашақ сәбиі туралы сыр шертті. Ол ұл бала күтіп жүргенін айтып, қыз тәрбиелеп отырған аналарды “қорқытты”, деп жазады Stan.kz.
“Есепке тұрған алғашқы күннен бастап-ақ, достарым ұл күтіп жүргенімді сенімділікпен айтты. Сенің мінезің де сондай, кішкентай бұзақы болар деді. Қай аптада екені есімде жоқ, узиге бардым. Иә, расымен де ол бетін жауып, мүшесін көрсетті. Қыздарыңды дайындаңдар”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары әдетте ұл бала дүниеге анасын қорғау үшін келетінін атап өткен.
“Әлсіз әйелдер ұл туады, ер бала бұл әлемге анасын қорғау үшін келеді. Айжан сырт көзге мықты көрінгенімен, іштей басқа адам. Саған да, балапаныңа да бақыт тілеймін. Енді сен үшін жаңа өмір басталады. Өзіңе абай бол”, – деп пікір білдірді оқырмандардың бірі.