Байзақова баласының әкесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтып берді

 Астарлы ақиқат бағдарламасында атышулы Айжан Байзақова өзінің образы жайлы қойылған сұрақтарға жасқанбай жауап берді. Тек бағдарламаның басында жеке басына қатысты сұрақтарға жауап бергенді жақсы көрмейтінін ескертіп өтті. Әйтсе де сұхбат барысында блогер кейбір қазақстандықтарды мазалап жүрген сұраққа жауап берді. Жақында ғана туылған нәрестенің әкесі туралы аз да болса сөз қозғады. Махаббатын тапқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Инстаграмда барлығы баламның кім екенін білгісі келсе, мен оның кім екенін айтуға міндетті емеспін. Көпшілік менің анамды, әкемді көрген жоқ. Мен бұны жеке өмірім деп санаймын. Көрсетуге міндетті емеспін. Бізде барлығы жақсы. Бірақ оның кім екенін білу бәріне міндет емес. Мен ол адамды көрсетпеген соң, барлығы кімнен жүкті болып қалғанын білмейді деп жазады. Барлығы керемет”, — деді Байзақова

Дина Төлепбергеннің жақын арада тойда болуы мүмкін ғой деген сұрағына Байзақова тойларға қарсы екенін айтты.

“Мен бір-біріңді жақсы көрсеңдер, қағаз жүзінде жазысудың керегі жоқ деп ойлаймын. Жай ғана бірге болуға болады. Ал қағаз жұмыстары маңызды емес. Махаббат болмағанда баланы қалдырмайтын едім деп ойлаймын”, — дейді ол.

Байзақова қазіргі атын шығармай тұрып, сериалдарға түсіп, актерлық қабілетімен танылғанын біреу білсе, біреу білмейді. Алғашқы махаббаты жүрегін жаралаған соң, артық ойы, сөзі жоқ Байзақова образын түбегейлі өзгерту туралы шешім қабылдаған. Оның айтуы бойынша, ол бұрынғы жігітінің әрбір айтқан сөзіне кәміл сенген. Қыз бала тек үйде отырып, үй шаруасымен айналысуы керек деп ойлаған. Кейін жігітімен айырылысқан соң, бұның барлығы қате пікір екенін түсінген. Бүгінгі күнгі образын қалыптастырып, оны табыс көзіне айналдырған.

 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста