Танымал продюсер Баян Есентаева Орал қаласында дүниеге келген. Кішкентай күнінен актриса болғысы келген Баянды анасы мұғалімдікке оқуға түсіреді. Үш жыл өткен соң Баян құжаттарын алып, театр институтындағы кино факультетіне тапсырған екен. Осы секілді танымал продюсердің өмірінждегі 5 қызықты ұсынбақпыз.
1. Ең алғашқы түсірген бейнебаяны – "Азбука любви" деп аталады. Баян "Азия даусы", "Жас қанат" секілдібайқауларында ән айтып көрген. Алайда ең алғашқы бейнебаянын 2009 жылы "Азбука любви" әніне түсірген.
2. 2008 жылы "Тан" арнасына жұмысқа тұрып, ең алғаш өзін тележүргізуші ретінде «Желтый салон» бағдарламасында танылады.
3. Баянның туған жері Оралдан Алматыға келуіне не себеп екенін білесіз бе? Жауапсыз махаббат. Батыс Қзақстанда бір жігітке қатты ғашық болып, жауапсыз махаббаттың кесірінен Алматыға келеді.
4. Баян университеттен 3 рет шығып, қайта қабылданған. Нақты не бүлдіргені белгісіз, текбасқа қыздардың тарапынан сондай келеңсіздіктерге тап болғаны айтылады.
5. Баянға продюсерлікпен айналысуды сіңлісі Бағым Мухитденова ұсынған екен. Кей мәліметтерге сүйенсек, Бағым әпкесіне екінші рет бұл ұсынысты айтып көргенде, Баян бір күнде керек қаржы таппаса, жалғастырмаймын деп шешкен. Десек те, керек қаражатты сол күні қолға түсірген Баян бүгінде атақты продюсерлердің біріне айналды.