Белгілі продюсер Баян Есентаева «Қазақ аруы» телесериалындағы басты рөлге алматылық 16 жастағы аруды таңдап алған. Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті Гүлзада Тұрлаш сериалда танымал актер Тәуекелдің сүйіктісінің рөлін сомдайды, деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы 31 арнадағы "Айта берсін" бағдарламасынан белгілі болды.
500 қыздың ішінен таңдалған он алты жастағы ару телехикая сценарийі бойынша Тәуекел Мүсіліммен түрлі ыңғайсыз сахналарда ойнайды.
«Мен сериалда өз-өзімді сомдаймын. Гүлзадамен, яғни, сериалдағы Әселмен арамызда сезім болады. Гүлзада небәрі 16 жаста. Түрлі ыңғайсыз сахналар бар. Өз басым басында бұған қарсы болдым. Гүлзада үшін бұл алғашқы рөл. Сондықтан байқалып жатады. Дегенмен, бұл жағдайда режиссерге еш қарсылық білдіре алмайсың. Көнуге тура келді. «Істе, көрсет»,- деді. Амал жоқ айтқанын жасаймыз», - дейді Тәуекел Мүсілім.
Ал кастинг арқылы басты рөлге ие болған Гүлзада Тұрлаш ыңғайсыз сахнаға дайын болмағанын, дегенмен, алғашқы рөлі болғандықтан режиссердің айтқанынан шыға алмағанын жеткізді.
Баян Есентаева он алты жастағы қызды белгілі актермен сүйістіріп қойды (фото)
Последние статьи автора