Баян Алагөзова "Кешьюдің" жаңа құрамын таныстырды (фото)

2018 жылдың соңында тарап кеткен "Кешью" тобының жаңа құрамы белгілі болды деп жазады NUR.KZ. Нарғыз, Ләззат, Балауса есімді қыздардан құралған "Кешью" тобының жаңа құрамы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Продюсер жаңа құрамды өзінің туған күн кешінде көпшілікке таныстырған.

Алайда желідегілер топты қайтадан ауыстырғанмен нәтиженің жоқтығын айтуда.

"Кешью күнде ауысатын болды ғой", "Топты жаңарта бергеннен не пайда? Одан да жауып тастау керек", "Маған Жанар, Кәмшат, Айдана топта болған уақыт ұнайды", "Кешью колледж сияқты болды ғой. Келеді. Күйеуге тиеді", "Барлығының түрі бірдей ғой", "Үш қызға бірдей макияж жасап қойған. Егіз ба дерсің".
"Осы топтың түрін жаттап үлгермейтін болдық", "Бұл топқа деген жұрттың қызығушылығы кетті ғой", "Бұл құрам да ұзаққа бармас" деп теріс пікір білдірді қарша боратты.

Сондай-ақ желідегілер жас қыздардың жас мөлшерін де сөз еткен.

"Қай жылғы қыздар?", "2000 жылғылар өнерге келе бастады ма?", "Жоқ 2001 ғой", "Ересек көрінеді екен" деп желі қолданушылары жаңа құрамды аяусыз сынға алды.

Айта кетейік, "Кешью" тобы алғаш рет 2006 жылдың 10 сәуірінде құрылған болатын.

Топтың алтын құрамы ретінде көпшілік Мөлдір Әуелбекова, Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденованы еске алады.

Ал кейін топ құрамына келген Жұлдыз Өмірғали Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі болып тұрмысқа шықты. Қазір ортақ ұлдары бар.

Сол секілді Ақбота Сейтмағамбет те отбасылы Дәурен Айдарқұловтан ұлды болды. Өткен жылы әнші актерге заңды түрде тұрмысқа шығып, биыл Аиша есімді сәбиді дүниеге әкелді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста