Ақшаның көбеюі - қаржыны дұрыс есептеудің арқасында жүзеге асады. Ақшаны орнымен жұмсау қаржыңның өсуіне алып келеді. Еңбек етіп тапқан ақшаны жұмсауға болмайтын жерлер бар.
Ол үшін біріншіден, қалтаңыз көтермейтін дүниеге ұмтылмаңыз. Бір рет қымбат мейрамханадан ас ішіп, қымбат жерде бір рет демалу тапқан ақшаның орнын ойсыратып тастайды. Қымбат заттарды сатып алу қалтаңды жұқартады. Дұрысы, басқа адамдар секілді ас пісіріп, үйде тамақтан. Ал қымбат мейрамханаға арнайы уақыты келгенде бар!
Екіншіден, киім, әшекей, аяқ киімге көп ақша жаратпа. Сән әлемі күн сайын өзгеріп жатыр. Бір мезгілге 10 көйлек сатып алу - ессіздік. Шетінен, жаңа үлгідегі киімді алып отырған дұрыс.
Үшіншіден, түрі немесе маркасына қарап автокөлік сатып алма. Өзіңе жұмысыңа ыңғайлап, қиындық тудырмайтын көлікті сатып ал.
Төртіншіден, ешқашан өзіңнің қолыңнан келетін дүниеге шығын шығарма. Бұл әсіресе дайын тамаққа байланысты.
Бесіншіден, үйде кір жуу, үй жинау ешқандай қиын жұмыс емес.
Алтыншыдан, қымбат жерде білім алу да ессіздің әрекеті. Адамның қайда оқығаны емес қалай оқығаны маңызды. Өз кезегінде білім алып, ақылы емес бөлімге оқуға талпынған дұрыс.
Жетіншіден, балалардың жетегіне еруге болмайды. Оларға барлығын алып беруге жағдайың жетіп тұрса да алып бермеген дұрыс. Себебі, олар өмірдің мәнін, ақшаның қайдан келетінін түсінуі керек. Ақшаны өзіңнің дамуыңа жұмсаған дұрыс.
Ақша - қолдың кірі. Сол себепті өзіңді дамытып отырсаң, келешекте өзіңе еңбек етеді.
mazhab.kz