«Бабалар сөзінің» жүзінші томдығы жарық көрді

«Бабалар сөзінің» жүзінші томдығы жарық көрді

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған «Мәдени мұра» стратегиялық бағдарламасының аясында жинақталған «Бабалар сөзінің» 100-томы жарық көрді. Қазақ руханиятында, қала берді жер жаһан мәдениетіндегі айрықша мәні бар жинақтың толық аяқталуы елдігіміздің еңсесін көтеріп, мәртебесін арттырары сөзсіз. Мұндай бай қазына, өлшеусіз ұлы мұра дүние дидарының басқа халықтарында болғаныменен, қағаз бетінде тасқа басылып, жарыққа шығуы – ұлтымыздың маңдайына бұйырған мерейлі іс, абыройлы еңбек. Осындай іргелі дүниенің жариялауымен барша алаш баласын құттықтап қоюға болады.
Мемлекет басшысының 2003 жылғы Жолдауындағы: «Халықтың мол мұрасын, соның ішінде осы заманғы мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау қажет» деген тапсырмасын орындау мақсатында «Мәдени мұра» стратегиялық бағдарламасы дүниеге келді. Мұндай ауқымды ірі жобаларды іске асыру жолында  Қоғамдық кеңес құрылып, 16 секция жасақталғаны баршамызға белгілі. Соның ішінде «Фольклортану, әдебиеттану және өнертану» секциясы жұмыстарының жандануына М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының білікті мамандары, әдебиетші ғалымдар, фольклоршылар қатысты. Бұған дейін жарияланбаған, еш жерде жоқ бай қазынаны, жауһар дүниелерімізді жинақтау, өңдеу, дайындау, редакциялау, баспа істеріне не-бәрі 10 жылдай уақыт кетті.
Еш жерде жоқ деп батыл айтуымыздың себебі, мұндай басылым әлем мәдениетінің тарихында бұрын-соңды болған емес. Көрші орыс фольклоры 25 томға жоспарланған, бірақ әлі басылмаған. Ресей ғылым академиясы барлық Сібір халықтарының (саха, бурят, хакас, тува, т.б.) фольклорын 1980 жылдардан бастап шығара бастады, қазір 70 шақты томы жарық көріпті. Осылайша, бірнеше халықтың фольклорын жинақтағанда 70-ті құрап отыр, ал біздікі – бір ғана қазақ ұлтының құнды қазынасы 100 томды құрап отыр. Бұл дегеніміз – әлемдік деңгейдегі мақтаныш, абырой!
«Қазақ халқы – көшпенді ел, ешқандай мәдениет жасаған жоқ, жазуы мен әдебиеті, тарихы болған емес, адамзат өркениетіне ешқандай үлес қосқан жоқ. Бәрі Ресейдің, Совет өкіметінің арқасы» деген сыңаржақ пікірлерге тосқауыл қоятын қалқанымыз осы «Бабалар сөзі»! Өзге елмен тереземізді тең, төбемізді бірдей, тіпті үстем ететін де осы «Бабалар сөзі»!
Қалай болғанда да айтуға оңай, әрине. 100 том! Атқарылған жұмыстың ауқымын мынадан-ақ шамалай беріңіз: аңыз-әпсаналар, мифтер, қара өлеңдер, лирикалық өлеңдер, өтірік өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, айтыстар, шешендік сөздер, бата-тілектер, тыйым сөздер, тіпті қарғыстардың шегі-шеті жоқ санын қоспаған күннің өзінде жүз томда соқталы, бас бүтін 594 ірі шығарма қамтылған. Әр томның орташа көлемі 40 беттен, яғни 25 баспа табақтан. Серияның жалпы көлемі 2540 баспа табақ, ал әр баспа табақ 16 беттен есептелгенде мұнда шамамен 40640 бет болып шығады. 40 мың таңба бір баспа табақта болатынын білсек, осы басылымдағы таңбалар саны – 101 млн. 600 мың екен. Еліміздегі әйгілі «Фолиант» баспасының кәсіби деңгейінің нәтижесінде «Бабалар сөзінің» жарыққа шығуы сәтті аяқталды.
Ендеше фольклорға фольклор ретінде қарамайық, бұл жинақталған бай мұрамыз шығармашылық адамдарына зор материалдық азық бола алады.  Драматургтер, ақындар, жазушылар, режиссерлер үшін «Бабалар сөзі» – нағыз қазына, таптырмас дерек, таусылмас мұра, сарқылмас бұлақ. Жүз томдықтағы әр қилы сюжеттер, аясы кең тақырыптар және түрлі кейіпкер дүниесі әлі талай көркем шығармаға арқау болары анық.
Осыған байланысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жазушы Алдан Смайыл: «100 томдықтың ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде, Майндағы Франк­фурт қаласындағы кітап көрмесінде тұсаукесерін өткізу, әлемдік тілдердегі салмақты журналдарда ғылыми мақалалар жариялау, осы оқиғаға орайластырылған халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастыру, дүниежүзіндегі ең танымал кітапханалардың қорында осы құнды басылымның болуын қамтамасыз ету қажет» деп ҚР Үкіметіне депутаттық сауал жолдаған болатын. Олай болса, жарық көрген жақсы дүниемізді бағасын арттырып, құндылығын көтерейік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста