«Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне «Бабалар рухы – үн қатты!» атты «АЛТЫН КІТАП» шығарады.
Оның ерекшелігі шежіредегідей аталарының есімдері ғана жазылып қоймай, әр әулеттің және отбасының тарихы енеді. Кітаптың 1-томының тұсауы 29-30 cәуір күндері Түркістан қаласында өтетін тарихи-танымдық ғылыми-практикалық конференцияда кесіледі
Бұл «Алтын кітапты» - әулеттер кітабы десе де болады. Соңғы кезде әулет деген қасиетті ұғым тіршілігімізде көп қолданылуда. Тойға, асқа шақырғанда әулеттің аты аталады. Біз бұл кітапты шығарудағы мақсатымыз – ұмыт болған ата-бабаларымыздың рухының алдында бас иіп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
Кез келген адам шыққан тегін зерттесе, халқы, елі сыйлаған бабаларын кезіктіреді. Олар өз дәуірінде елін, жерін қорғап, ұрпағының өміршең болуына бар күш-жігерін жұмсаған. Әр адам өз шыққан ата тегін мақтан етеді. Ол өмір заңы. Өмір жалғаса береді. Ал бұл кітап ұрпақты ұрпаққа жалғастыра алатын «Алтын» көпір болып қалары сөзсіз!
Ерлік Ержанұлы