«Бабалар ерлігі – Тәуелсіздік тірегі» атты монумент бой көтермек

«Бабалар ерлігі – Тәуелсіздік тірегі» атты монумент  бой көтермек

«Бабалар ерлігі – Тәуелсіздік тірегі». Елбасының Жарлығына сәйкес,  Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 20 жыл толу қарсаңында, соған қоса, Ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына орай, «20 жарқын іс» акциясы аясында «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Абыралы өңірі, Қайнар ауылында дәл осындай атпен мемориалдық кешен бой көтермек. Бұл жайлы Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Елубек Оспанов мәлімдеді.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, тарихын тануға құмартқан  ұрпаққа мол тағылым беретін бұл монументке 1931 жылы Абыралы көтерілісіне қатысқаны үшін сотталғандардың және атылғандар­дың тізімі енгізілмек. Белгілі тарихшы мұрағатшы Б.Нәсеновтің «Абыралы – Сарыарқаның кіндігі» атты көптомдық еңбегінен алынған тізімде 354 адамның аты-жөні бар.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұс­па-тұс келген осы көтерілістің 80 жылдығы қарсаңында «Абыралы-Дегелең» қоғам­дық қорының президенті Марат Құрман­бай­дың ұйымдастыруымен ауыл орталы­ғында бой көтеретін «Бабалар ерлігі – Тәуелсіздік тірегі» мемориалдық кешенінің салтанатты ашылу рәсімі тамыз айының 27-сі күніне деп жоспарланған.  Монумент авторы жас сәулетші Асхат Бәкірұлы.
Кеңес үкіметіне қарсы 1929-1932 жыл­­дар аралығында 300-ден аса көтерілістер болған екен. Солардың ішіндегі ең ірісі 1931 жылы ақпандағы Кеңес өкіметінің келеңсіз сыңаржақ билігіне қарсы шық­қан­ Абыралы көтерілісі еді. Көтеріліске  Абы­ралы  ауданындағы барлық ауылдар қа­тыс­ты. Көтеріліс алғашқыда Тайлан, Ақ­бұлақ, Бөрілі, Мыржық, Дегелең ауылда­рын­да басталып, кейіннен барлық ауыл­дарды қамтыған.  Абыралы көтерілісінің бір балама аты болған Қамбар көтерілісі №6 ауылға топтастырылған  Қамбар руы­ның атымен байланысты. Бұл ауылдағы көтеріліс тәртіппен ұйымдастырылып, те­геурінді қарсылық көрсете білді. «Аштан өлгенше, өз құқығымызды қорғап, алысып өлейік» деген аптал азаматтар  атқа қонып, , қаймықпай қолдарына қару алды. Жалпы саны 3500- ге тарта адам қарулы қақтығыс­тарға қатысты. Жазалаушы отрядтармен болған шайқастар кезінде 60 адам оққа ұшып, 171 адам үштік соттың шешімімен атыл­ған, 183 адам  10 жылдан астам уа­қыт­қа сотталып, Сібірге айдалды. Мың­да­ған адамдар қуғын-сүргінге ұшырап, шет- елдер мен еліміздің әр тараптарына босып кетеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста