Олар Мадина Сәдуақасовадан жолдасымен қарым-қатынасы туралы білуге тырысты.
Отандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова желіде мұңды жазба жариялап, жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Көпшілік әншінің мұндай сөздерді жазуына не түрткі болғанын біле алмай дал болып жатыр деп хабарлайды Paryz.kz.
Кінәлі біз емес. Кеудемді енді сен емес, мұң болып әнім құшады, - деп жазып қойды әнші.
Оның бұл сөздері бірден ел арасында қызу талқыланып, көптеген пікірге ие болды. Бірі әртіске қолдау білдірсе, енді бірі оны сұрақтың астына алды.
Желі қолданушылары Сәдуақасованың мұндай жазбасы жеке өміріне тікелей байланысты деп болжап жатыр.
Олар Мәдина Сәдуақасовадан жолдасымен қарым-қатынасы туралы білуге тырысуда.
"Не болып қалды? Бәрі жақсы еді ғой", "Жолдасыңызбен тағы келіспей қалдыңыздар ма", "Мына жазбаңыздан қорқып қалдым. Не болып қалды сізге", "Бәрі жақсы болады. Сынақты мықтыларға береді", "Мадина ханым, қатты көңіліңізді түсірмеңіз. Бәрі жақсы болып кетер", "Бұл сөздерді қалай түсінуге болады", - деп жазуда желі қолданушылар.
Сондай-ақ енді бірі әншіні сынның астына алған.
"Біресе орамал таққан, біресе кеудесін ашқан осы біздің жұлдыздарда ар ұят жоқ. Ертең осы келіншек Мекке жаққа барып орамал таққан фото жіберсе, таңғалмаңыздар", "Осы қа...н ажырасып кетті дей ме", "Бұрын жақсы еді, қартайған сайын қуды ма, не болған", - деп жазуда.
#Мәдина Сәдуақасова