Ажырасқан келіншектер әлдеқайда жақсы - Отандық әнші
Отандық әнші Қалдыбек Талқанбаев қыздардың қалың малын сынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КҮН.КЗ-ке сілтеме жасап.
«Бойдақ қыздар көп. Неге көп? Өйткені бойдақ жігіттер ажырасқан әйелдерден (бұрын-соңды тұрмыс құрған) ауысып жатқан жоқ.
Шын, бізде бойдақ қыздардың ата-аналары, өздері миллион, 2 миллион, 3 миллион деп «ставка» қойып алған.
Жақында каспийге шығатын шығар «бөліп төлеуге» болады деген. Әртүрлі фотоларымен.
Құрметті ата-аналар, құрметті қыздар, қойыңыздар. Өздеріңізге стаквка қойып алғанды. Өмірге сатылу үшін келдіңіздер ме?
Кейбір ата-аналар мақтанып жүреді дейді «Менің қызым өзінің тойын өзі ақтап кетті».
Осыдан кейін бойдақ жігіттер ажырасқан қыз-келіншектерге жүгіріп кетеді. Соларға үйленеді.
Бойдақ қыз-келіншектерді жаман деп кім айтты. Олар шынайы әдемі. Бойдақ қыздар сияқты беттеріне 10 келі бояу жақпайды.
Жасанды қыздардан ажырасқан қыздар әлдеқайда жақсы. Өйткені олар шынайы кейіпінде», — деді әнші.