Әзірбайжан мәдениеті күндері өтеді

Әзірбайжан мәдениеті күндері өтеді

Астана және Алматы қалаларында Әзірбайжан Республикасының мәдениеті күндері өтеді. Шара маусымның 7-сі күні елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты жағдайда ашылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлі­гінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әзірбайжан Республикасының мәдениеті күндері маусымның 7-9-ы аралығында өте­ді. Бұл күндер аясында Астана қаласын­да Симара Иманова, Сабухи Ибраев, Тайяр Байрамов сияқты Әзірбайжанның танымал өнер шеберлерінің қатысуымен гала-кон­церт болады. Онда Мемлекеттік би ансам­блі, ұлт аспаптар ансамблі және Ф.Амиров атындағы Мемлекеттік ән-би ансамблінің балет тобы өнер көрсетеді. Сонымен бірге бұл күндері «Әзірбайжан: дәстүр мен қазіргі заманның тоғысуы» атты фотокөрме және туризмге арналған көрме ұсынылады. Әзірбайжан өнер шеберлерінің гала-кон­церті 9 маусым күні сағат 18.00-де Алма­ты­дағы Жамбыл атындағы Қазақ мемле­кеттік филармониясының Орталық концерт залында өтеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдерінің айтуынша, Әзір­бай­жан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстардың тамыры тереңде. Екі ел арасындағы мәдениет күндерін өткізу бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті ны­ғайтуға, екіжақты қарым-қатынастың дамуына септігін тигізеді. Бұл шара халқы­мыздың әзірбайжан мәдениетіне деген аса үлкен қызығушылығын оятып, екі елдің арасындағы мәдени байланыстардың одан әрі дамуына серпін береді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста