«Әзілкештер ауылына» келіңіздер!

Бүгін кешкі сағат 19.00-де Алматыдағы Студенттер сара­йын­да «Әзілкештер ауылы» атты үлкен сатиралық-сазды кеш өтеді.
«Әзілкештер ауылы» – бұл қазақтың көрнекті сатиригі Толымбек Әлімбекұлының жүргізген тележобасы. Енді өнерсүйер қауымға осы жобаның сахналық нұсқасы ұсынылмақ. Кештің ұйымдастырушы-режис­сері –  бүгінгі сатира саңлақтарының бірі Асқар Наймантаев. Кеш барысында ақын, сатирик Т.Әлімбекұлының сөзіне жазылған әндер шырқалып, сын-сықақ әңгіме, өлеңдері орындалады. Бұл мәдени шара, негізінен, сатирик Толымбек Әлім­бекұ­лының шығармашылығына арналмақ. Қазақы қалжың мен бүгінгі уытты сатираны арқау еткен Толымбек Әлімбекұлының әзіл шығармалары мен өлеңдері «Қарлығаш», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Кімге күлкі, кімге түрпі», «Тамаша», «О несі, ей?» жинақта­рын­да жарық көрген. Автордың «Ләм-мим», «Аһ-үһ», «Ым-жым», «Тойда жолығайық», «Қалай болса – солай» атты жекелеген кітап­тары оқырманнан өз бағасын алған.  Т.Әлімбекұлы сондай-ақ драматургия саласында да еңбектеніп келеді. Оның «Күйеуіңізді сатыңызшы» (М.Задорнов), «Отыз ұлың болғанша» (Ф.Буляков), «Же­лік­кен жастар» (Г.Белецкий) комедияларын аударып, М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында және «Темір қуыр­шақ» (Э.Берджес) драмасы Қостанай облыс­­тық драма театрында сахналанған. «Тамаша», «Бауыржан-шоу» сатиралық театрларының репертуарларына арнап сце­нарийлер жазды. «Хабар» телеарнасы­нан ұсынылған «Сүйінші», «Бозбала шақ­тың соңғы жазы» атты көркем фильмдердің сценарийлерінің, «Қазақстан» телеарна­сын­дағы «Әзілкештер ауылы», «Хабар» телеар­насындағы «Әзілің жарасса...» бағдарламаларының авторы, жүргізушісі ретінде халыққа кеңінен танылды.
Аталған концерттік шараны ұйымдас­тыруға Қазақстан театр қайраткерлері одағы қолдау білдіріп отыр. Әзіл мен әнге құралатын кеште Тұңғышбай әл-Тарази, Көпен Әмір-бек сынды майталмандармен қатар, «Аққу-Гәкку», «Беймарал», «Тамаша», «Терісқақпай», «Мафия мен тақия», Алмат Сақатовтың «Асау» әзілкеш жігіттері, World media master academy студенттері мен бірқатар жас таланттар өз өнерлерін ортаға салады.
Концерт билеттерін Студенттер сарайы кассасынан алуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста