«Азия Дауысында» соттылығы бар әртістің өнер көрсетпек болғаны желі қолданушыларының наразылығын туғызды

«Азия Дауысында» соттылығы бар әртістің өнер көрсетпек болғаны желі қолданушыларының наразылығын туғызды

Осыған дейін өз қызметкерін ұрып, зағип қылып қойған атақты гитарист Бауыржан Ашығалиевтің “Азия дауысына” қатыспақ болғаны желі қолданушыларының ашуына тиді. Соттылығы бар өнерпаздың ұлттық жобада өнер көрсетуін белсенділер орынсыз деп санады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Ашығалиев жазасын үш жыл өтеуі тиіс еді, бірақ алты айдан кейін босатылған. Ол қызметкерін соққыға жығып, көзін шығарып жіберген. Әрі үкім жарияланғаннан кейін ол қашып кетіп, іздеуде болған. Оған дейін 2019 жылы ол әйелін ұрып-соғып, көмейіне зақым келтірді деп айыпталған. Алайда медициналық сараптамадағы күн дұрыс көрсетілмегендіктен, әртіс ақталып шықты.

 

“Азия дауысының” ресми парақшасында қазақстандық әнші Парвиз Назаров екеуі бірге өнер көрсететіні айтылған. Бұған желі қолданушылары, соның ішінде “Немолчи.кз” қорының басшысы, белсенді Дина Тәңсәрі наразылығын білдірді.

 

«Мен “Азия Дауысы» фестивалін қатты құрметтеймін және осындай әртістердің  оған қатысуын жанданған фестивальдің атына кір келтіреді деп санаймын! Бауыржан Ашығалиев әйелін азаптап, өлтірмек болған, көмейін жарақаттаған. Оның жұбайы қатты зардап шекті», – деп жазды белсенді.

 

Оның айтуынша, Ашығалиев тым жеңіл жазамен құтылып кеткен.

 

«Зорлық-зомбылық мәдениеті осындай әртістер арқылы көпшілікке насихатталады, яғни бұл – тіпті мәдениет емес, идеология, өйткені «Азия Дауысы» сахнасы – ұлттық жоба! Менің ойымша, адам құқықтары құрметтелетін кез келген басқа елде бұл фестивальге ешкім келмес еді, ал әртістер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасап, адамдарды мүгедек ететін адамның жанында өнер көрсетуден бас тартатын еді! Мүмкін, ұйымдастырушылар пробациядағы қылмыскер сахнаға шығуға дайындалып жатқанын білмейтін шығар» – деді әйелдердің құқығын қорғаушы.

 

“О, жаңалықтарда жиі айтылатын шулы адам сіз екенсіз ғой. Мен мұндай адамдарды фестивальде көргім келмейді”,  “Ер адамды мүгедек қылып, әйелін ұрып-соққанымен қоймай, уақытынан бұрын шыққанын мақтаныш көріп тұр ма?”, “Егер қылмыс болса, адам жазаланып, ісіне өкіну керек. Ал сізде өкініш сезімі мүлдем жоқ” деді қолданушылар.

 

Ашығалиев наразылықтарға жауап берді. Ол мерзімінің үштен бірін өтеп,  қалғанын айыппұл арқылы өтеп, бостандыққа заңды шыққанын мәлімдеді.

 

«Мен жақсы мінез-құлқым үшін ертерек шықтым. Жалған ақпарат таратудың қажеті жоқ», – деді гитарист.

 

Музыкант “Немолчи.кз” қорының басшысын айыптап, оның үстінен арыз жазатынын мәлімдеді.

 

Бұл мәлімдемелерге “Азия Дауысы” ұйымдастырушылары мән беріп, пікір білдірді.

 

«Музыкант Ашығалиевке қатысты даулардан соң оны қатысушылар тізімінен алып тастау туралы шешім қабылданды. Фестивальге 2000-нан астам адам қатысады, біз әр қатысушыны қадағалай алмаймыз. Бүкіл жұртшылықтан осы үшін кешірім сұраймыз», –делінген хабарламада.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста