Аманғали Сыпабеков әжетханада отырған сәтін желіде жариялаймын деп елден оңбай сөз естіді. Көпшілік танымал әзілкештің қылығын аса ерсі санап, оны аяусыз сынның астына қалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі оқырмандарының ашу-ызасын Сыпабеквтың instagram парақшасына жүктеген видеосы тудырған. Бейнежазбада әзілкеш өзінің әжетханада отырғанын түсірген.
Көпшілік әзілдемек болған жұлдыздың әрекетін түсінбей, оған қатысты кері пікірлерді қарша жаудырған.
"Аманғали жерлесім не болып кеткенсің" , "Осы да өнер ме?" , "Қайран қазағым, не үшін түсіріп отырғанын да білмейді ғой. Бәлкім ойланып жасаймыз әрбір ісімізді" , "Ұят. Ұялып тұрмын сіз үшін" , - деп жазуда көпшілік.